2.Бауыр мен ұйқы безiнiң ас қорытуындағы рөлi. Бауыр- организмдегi ен iрi без, құрсақ қуысының он жақ қабырғасының астьңғы жағында орналасқан. Ересек адам бауырының массасы -1,5 кг-ға жетедi. Жаңа туған баланың бауырының массасы небары 150 с, ал бастауыш мектеп жасындағы балаларда- 700-800 г болады. Сөйтiп, балаларда бауырдың массасы дене массасымен салыстырғанда, ересек адамдарға қарағанда үлкен болады. Мысалы, төменгi класс оқушыларында бауырдың массасы дене массасыньң 3,3% болса, ал ересек адамдарда- 2,4%.
Бауырдьң организмде атқаратын қызметi үлкен: ас қорыту процестерiне қатысады, қорғаныш және зиянсыздандыру қызметін атқарады. Сонымен бiрге организмге баратын қанттың артық мөлшері, гликогенге айналып, онда қор ретiнде жиналады. Организмде қант жетіспеген жағдайда, гликоген қантқа (глюкоза) айналады. Бауыр гепарин жасап шығарып, қанның ұюпроцесiне де әсерін тигiзедi.
Бауырда өт жасалып, бөлiнедi. Өт сары - қошқыл түстi сұйықтық зат. Құрамында су, ет қышқылы, ет пигменттерi - билирубин және биливердин болады. Сонымен бiрге, ас қалыпты қорытылу үшiн қажеттi заттар және алмасу өнімдерi болады. Өттiң жасалуы бауырға канмен бiрге келiп тұратын әр түрлi өт айдау заттарының тұрақты әсер етуінің жүзеге асырын, рефлекторлы түрде күшейіп отырады. Шартты тiтiркендiргiштер өттің жасалуын күшейтедi немесе әлсіретедi.
Өт ұйқы безі мен iшек бездерi ферменттерiнің қызметiн ширатады. Сонымен бiрге майларды эмульсиялап, олардың ыдырауына және сiңуiне себепшi болады. Өт iшектердің перистальтикасын (қозғалысын) күшейтiп, микроорганизмдердiң көбеюiне қарсы тұрып, қорытылып үлгермеген тамақ қалдықтарының кiру процесiне әсерiн тигізеді.
Бауыр тәулiгiне 600-1200 см3 өт жасап шығарады. Өттiң бір бөлiгi өзекше арқылы тiкелей ұлтабарға, ал артық мөлшерi ет қабына барады. Өттiң жасалуы мен бөлiну процесiнің бұзылуы байқалған кезде, организмде майдардың сiңуi азаяды. Өттiң ұлтабарға барып құйылуы қарын мен ұлтабарға баратын асжентектерiнiң мөлшерiнебайланысты. Бұл процесс рефлекторлы түрде жүзеге асады. Бауырдың қызметi ас қорыту процесiмен ғана шектелмейдi. Ол дененiң күрделi құрылысты, химиялық лабораториясы болып саналады. Ол іс жүзiнде барлық зат алмасу процесiне қатысады, онда канның жасалуы жүзеге асады. Бауыр сонымен бiрге ерекше «фильтр» болып келеді де, барлық денедегi қанды өзi арқылы өткiзедi. Бауырда қандағы барлық улы заттарды нейтралды отыру қабiлетi болады. Бауырдың осындай тосқауылдық қызметiнiң тiршiлiктегi мәнi үлкен.
Организмге баратын едәуiр улы заттар бауырға әсер етiп, цирроз ауруына шалдыктырып, бауыр клеткаларының тiршiлiгiн жойып, оның тосқауылдық қызметiн жоғалтуы мүмкiн. Бауырға әсiресе алкоголь зиянды әсср етедi. Ішкiлiктi жиi қабылдаудың нәтижесiнде бауыр цирроз ауруына ұшырайды.