5. Судың, минералдық заттардың алмасуы. Судың алмасуы. Адам организмiндегi процестердiң бәрi де судың қатысуымен жүзеге асады. Су организмге баратын тамақ заттарын ерiтедi. Денедегi клеткаларда болып жататын көптеген биохимиалық реакцияларға қатысады. Сонымен бiрге дене температурасын, реттеуге қатысады; ол булану арқылы, дененi кызып кетуден сақтайды; ерiген заттарды тасымалдауға катысады. Сондықтан адам организмiнде су көп болады.
Қалыпты жағдайда бiр таулiктiң iшiнде организм қабылдайтын судың мөлшерi оньң жұмсалу мөлшерiне тең болады. Мұндай жағдайды, қалыпты су балансы дейдi. Ал оның шамасы түрлiше болуы мүмкiн. Мәселен, организм ауа райының ыстық кездерiнде суды көп қабылдап, оның едәуір мөлшерiн термен бiрге шығарады. Жұқпалы аурулармен ауырған кезде осындай жағдай байкадады: адам суды көп ішеді, оны көп мөлшерде несеппен бiрге, ал дене температурасы төмендеген кезде термен бiрге шығады.
Организмнен суды бөлiп тұратын негiзгі органдар - бүйректер, тер бездерi, өкпе және iшектер. Бүйрек арқылы бiр тәулiк iшінде организмнен несеп түрiнiде 1,2-1,5 л су бөлiнедi. Тер бездерi терлеу арқылы бiр тәулiк iшінде тер түрiнде 500-700 см3 су бөледi. Ауаның- температурасы мен ылғалдығы, қалыптыты жағдайда терi қабатының 1см3-нен әр 10 минутте 1 мг-ға жуық су бөлiнедi. Егер суды организмге қабылдайтын мөлшерден шығатын мөлшер артық болса, онда шөлдеу сезiмi байқалады. Организмде су жеткiлiксiз болса, өте зілді өзгерiстер байқалуы мүмкiн. Мәселен, емшектегi баланың өсуi кезiнде организмнен судың артық мөлшерде бөлiнуiнiң нәтижесінде, бала тырысқақ болып, есiн жоғалтуы мүмкiн. Сондықтан организмде судың қалыпты мөлшерде болуы шарт.
Өсіп келе жатқан организмнің суға қажеттілігі үлкен. Баланың өсуі организмде су мөлшерінің жеткілікті болуына тәуелді, себебі зат алмасу процесінің қарқынды жүруі суға байланысты. Сондықтан барлық тканьдер мен клеткалардың құрамында су болады. Ересек адамның дене массасының 65 %, ал балалардың 80% жуығы судың үлесіне тең.
Организмдегi судың мөлшерi адамның жасына байланысты. Бір тәулiк iшiндегi суға қажеттiлiк мөлшерi төмендегiдей: бір жастағы балаларда- 800 см3, 2-4 жаста - 950 см, 5-б жаста - 120см3, 7-10 жаста - 1350 см3, 11-14 жаста- 1500 см. Ол баланың жеке басының ерекшелiк қасиетiне байланысты болады. Суға қажеттілiк қыздарға қарағанда ұлдарда артық болады.
Минералдық заттардың алмасуы. Тамақ заттарыньң құрамында органикалық қосылыстармен бiрге, кальций, фосфор, темiр, йод және басқа минералдық заттар болады. Сүйектердiң, нерв элементтерiнiң, бұлшық еттердiн өсу және дамуы минералдық заттадың болуына байланысты. Бұлар жүрек пен нерв системасының қалыпты қызметiн қамтамасыз етуге себепкер. Қандағы гемоглобиннiң және қарын сөлi тұз қышқылының жасалуына қатысады. Минералдық тұздар клеткалардың тiршiлiк әрекетi үшiн өте қажет.
Кальций тұздары сүйек тканінің клетка аралық заттарының түзiлуiне қатысады, канның ұюына және организмде басқа да маңызды кызметтер атқарады. Бала неғұрлым жас болса, оньң тiршiлiк әрекетi үшiн кальций тұздары соғұрлым көп қажет. Жас өспiрiмдердiң жыныстьқ жетiлу кезеңiнде де кальции тұздарына мұқтаждық артады. Оқушылар организмiнiң кальцийге қажеттiлiгi тәулiгiне 1 г-ға дейiн.
Өсiп тұрған организм үшiн фосфордың да маңызы зор, ол сүйек тканiнiң түзiлуiне, ферментативтiк процестерге, бездердiң жұмысына, нерв системасының қызметiне қатысады, қанның белсендi реакциясының тұрақтылығынн қамтамасыз етедi. Бала организмi неғурлым жас болса, фосфор соғурлым көп кажет. Фосфор тұздары өсiмдiк тектес, сондай-ақ жануар тектес (жаңғақ, нан, жарма, сүт, бауыр, балық, жұмыртқа, сүзбе) азық-түлiктерiнде болады. Оқушылардьң фосфорға қажеттiлiгi тәулiгiне - 1,5-4,0 г.
Темiр канның жасалуына қажет, себебi ол қан гемоглабинінің құрам бөлiгi және тотығу процестерiне катысады. Темiр өсiмдiктерде, етте және жұмыртқаның сарысында болады. натрий тыныс алу (газ алмасу), ас қорыту процесі, нерв системасы қызметі үшін қажет.натрий ас тұзының құрамында болады. оқушылардың темірге тәулігіне қажеттілігі 15-20мг, натрийге 4-5г дейін. Ал калий тұзы жүрек-қан тамыр системасының қалыпты жұмысы үшін қажет. Калий асқабақта, қарбызда, алмада, жүзімде капустада болады.
Кальций, фосфор, темiр, натрий және тағы басқаларын да организм бiршама көбiрек талап етедi, бұлар микроэлементтер деп аталады, ал сонымен бірге балаларға өте аздаған мөлшерде (грамның мыңдаған үлесi) марганец, кобальт, мыс, мырыш, йод, күкiрт кажет. Микроэлементтердiң физиологиялық маңызы, өте үлкен. Бұлар гормондардың, ферменттердiң синтезделуi үшiн қажет, организмнің негiзгi қызметi - зат алмасу, қан жасалу, тыныс алу және т.б. жүзеге асырады.
Марганец суйектiң өсуiне қажет, кобальт- қан жасалу үшiн, мыс- қан жасалу және ткань iшiндегi тыныс алу процесi үшiн, мырыш, кукiрт- ұйқы безi гормонын синтездеу үшiн, иод - қалқанша бездiң гормонын синтездеу үшiн қажет.