ІІІ. Жаңа сабақ.
Газдардың қайталанбайтын ерекше қасиеттері бар. Сондықтан осы қасиеттері оалрды түрліше, техникалық қондырғыларда пайдалануға болады. Газдардың әр түрлі қысымдағы қасиеттері түрліше болады. Үлкен қысым түсірілген газ серпімді дене бодып табылады. Р. Бойль ол газды «ауа серіппесі» деп атаған.
Газдың қысымын оның массасын, көлемін немесе температурасын өзгерте отырып басқаруға болады. Газдың сығылғыштығы оның үлкен массасын аз көлемде ұстауға мүмкіндік береді. Сығылған газды құбырлар арқылы үлкен қысыммен алыс қашықтықтарда тасымалдауға болады. Сонымен қатар газдың көлемі температураға тәуелді өзгереді. Бұл қасиеті техникада пайдаланады. Сиеретілген газдың жылуөткізгіштігі нашар, онда диффузия және жылу беру процестері басқаша өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |