Зарядтың потенциалдық энергиясы.
АВС=WB-WC
WB – зарядтың В нүктесіндегі потенциалдық энергиясы.
WC –зарядтың С нүктесіндегі потенциалдық энергиясы.
Егер заряд электр өрісінде потенциалдық энергиясы W1 болатын 2-нүктеге өтетін болса, онда өріс күштерінің жұмысы
А12=W1-W2=-(W2-W1)=-∆W21
Мұндағы ∆W21= W1-W2 –зарячдтың потенциалдық энергиясының оны 1-нүктеден 2-нүктеге алып өткен кездегі өсімшесі.
Өріс тудыратын зарядталған денеден шексіз алыста орналасқан нүктедегі зарядтың потенциалдық энергиясы нольге тең.
W∞=0
Q зарядты нүктеден шексіздікке апарғанда:
АВ∞=WB-W∞=WB
Өрістің қайсыбір нүктесіндегі зарядтың потенциалдық энергиясы осы зарядты өрістің берілген нүктесінен шексіздікке алып өткенде өріс күштері атқаратын жұмысқа тең.
Электр өрісінің кез келген бір В нүктесіндегі потенциалдық энергиясы да осы зарядқа тура пропорционал, Яғни
WB=φBq
φ –электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы - өріс потенциалы.
Барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей болатын бет эквипотенциал бет деп аталады. φ=const
Өрістің кернеулігі мен кернеуі арасындағы байланыс.
Достарыңызбен бөлісу: |