ІІІ. Жаңа сабақ.
Өткізгіш электр өрісіне тап болған кезде, ол бір жақ шетінде оң заряд, ал екінші жақ шетінде шамасы жағынан дәл осындай теріс заряд пайда болатындай түрде электрленеді. Мұндай электрлену электростатикалық индукция деп аталады.
Өткізгіштегі зарядтардың тепе-теңдігі кезінде оның барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей.
Өткізгіштің қандай жолман электрленгеніне тәуелсіз, зарядтардың тепе-теңдігі кезінде өткізгіштің ішінде өріс болмайды, ал өткізгіштің барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей.
Осы кезде электренген өткізгіштің сыртында өріс бар және кернеулік сызықтары өткізгіштің бетіне перпендикуляр.
Ендеше өткізгіштегі зарядтардың тепе-теңдігі орныққан бет эквипотенциал бет болып табылады.
Электр индукция құбылысын тұңғыш зерттеген ХVIII ғасырда орыс ғалымы Ф.У.Элинус зерттеген.
Электр зарядтарының өткізгіштің сыртқы бетінде орналасатынын тұңғыш рет Кавендиш дәлелдеді.
Өткізгіштің бетіне жуық жерлердегі өрістің кернеулігі беттің қисықтығына көбірек жерде күштірек болады. Әсіресе, өткізгіштің шығыңқы және сүйір зарядтың тығыздығы жоғары.
IV. Пысықтау.
Біз өткізгіш деп нені түсінеміз?
Сыртқы электр өрісі жоқ болғанда, өткізгіштегіеркін зарядты бөлшектер өздерін қалай ұстайды?
Сыртқы электр өрісіне түскенде өткізгіштерде не болады?
Өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің кернеулігі а) зарядталған; ә) зарядсыз, бірақ сыртқы электр өрісінде тұрған неге тең?
Электростатикалық индукция қандай құбылыс?
Өткізгіштер бетіндегі зарядтардың таралу сипаты қандай? Оның сипаты неге тәуелді?
Достарыңызбен бөлісу: |