Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Молекулалық физика және термодинамика. Мкт негіздері»



бет3/3
Дата08.02.2023
өлшемі23,63 Kb.
#66084
түріСабақ
1   2   3
VІІ. Физикалық диктант: слайд
VІІІ. Бағалау. Үйге тапсырма қайталау 11 жаттығу №15-20
Қорытындылау.


Физикалық диктант:

1. Дененің ішкі энергиясын ........ арқылы және ........арқылы өзгертуге болады.(жылу беру, жұмыс істеу)


2. Тұрақты температурада 1 кг сұйықты буға айналдыруға кететін жылу мөлшерін ...............жылуы деп атайды . (меншікті булану)
3. Кез келген массадағы газдың температурасын 1К-ге өзгертуге қажетті жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама .......... деп аталады. (жылусыйымдылық)
4. Балқу температурасы 1 кг кристалл затты сол температурада сұйыққа айналдыруға кететін 1 кг жылу мөлшерін меншікт.......... деп атайды.(балқу жылуы)
5.Тек белгілі бір бағытта ғана өз-өзімен жүре алатың процестерді ........ деп атайды . (қайтымсыз)
6. Броундық қозғалыстың молекула – кинетикалық теориясын 1905 жылы ... жасаған болатын. (А.Эйнштейн).
7. Денелердің молекулалық құрлымын есепке алмай – ақ макроскопиялық денелердің күйін сипаттайтын шамаларды ... параметрлер деп атайды. (макроскопиялық).
8. Жылудан оқшауланған жүедегі процесс ....... деп аталады . (адиабаталық)
9. Қоспаның әрбір газының түсіретін қысымын ........ қысым деп атайды. (үлестік немесе парциал)
10.Неміс ғалымы .............. термодинамиканың 2-ші заңын былай тұжырымдады . Екі жүйеде немесе қоршаған денелерде бір мезгілде басқадай өзгерістер болмаған жағдайда , суығырақ жұйеден ыстығрақ жүйеге жылу берілуі мүмкін емес . (Р. Клаузиус)
11.Газ қоспасының қысымы осы қоспаға кіретін барлық газдардың қысымдарының қосындысына тең. Бұл ...... заны деп аталады. (Дальтон)
12. Жылу әрқашанда ыстық денелерден суыққа беріледі , ал макроскопиялық денелерден механикалық энергиясы – ............ айналады . (Ішкі энергияға )
13. Термодинамиканың I-ші заңы былай жазылады ∆U=?+Q (А)
14. . Молекула – кинетиканың теорияның дамуына ұлы орыс ғалымы ... үлкен үлес қосты. (М.В.Ломоносов).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет