Мекеме басшысының орынбасары: – Құрметті әріптестер! Біз қазан айында өтетін халықаралық көрмеге дайындалуымыз қажет. Көрмеге мұнай және газ кешені саласындағы ірі компаниялар қатыспақ. Осы шараны өткізу үшін барлық ұйымдастыру жұмыстары мен ақпараттық-жарнамалық материалдар әзірлеуді бүгіннен бастауымыз керек. Кімнің қандай ұсынысы бар?
Баспасөз хатшысы: – Көрменің уақытын белгілеп, барлық ақпарат құралдарына жарнама беру керек.
Әкімшілік бөлімінің бастығы: – Өтінім берген мекемелермен хабарласып, олардың стенділерін дайындаған дұрыс.
Сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы: – Көрмеге қатысушыларды шақыру, күтіп алу, қонақ үйлерге орналастыру, көрме залынан орын бөлу, жарнамалық-көрнекі құралдарды ілу жұмыстарын әкімшілік бөлімнің қызметкерлеріне жүктеледі.
Әкімшілік бөлімінің бастығы: – Әрине, бұл біздің бұрыннан атқарып жүрген жұмысымыз емес пе?
Сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы: – Көрменің ашылу салтанатында кім сөйлейді?
Мекеме басшысының орынбасары: – Бұл мәселеге кейінірек қайта ораламыз. Алдымен ұйымдастыру мәселелерін шешейік. Тағы қандай сұрақтарыңыз бар?
Экономика және бюджеттік қаржыландыру бөлімінің бастығы: – Көрме өткізілетін орынды жалдау ақысы қалай төленеді?
Мекеме басшысының орынбасары: – Орынды министрлік өзі белгілейді, жұмсалатын қаржы «Өзге де шығындар» бабының есебіне жатқызылады. Демеушілер тарапынан да қаржы бөлінеді.
Мекеме басшысының орынбасары: – Бейсенбіге дейін нақты ұсыныстар берулеріңізді сұраймын. Көрменің ұйымдастыру комитетін құру туралы бұйрық жобасы әзірленсін.
ІІІ. Жаттығамыз Сол жақтағы сөздерді оң жақтағы аудармасымен сәйкестендір.