2-сабақ «Өзен және көл»
Ойын: «Алматы жаңбыры»
Алматыда жел көтерілді
(оқушылар екі қолын көтеріп, қолдарын сермейді);
Жаңбыр тамшылады
(оқушылар саусақтарының ұштарын соғады);
Жаңбыр қатты құйды
(оқушылар білегін сабалайды)
Бұршақ жауды
(оқушылар санын шапалақтайды);
Жаңбыр сіркіреді
(оқушылар білегін сабалайды)
Жаңбыр тамшылары азайды
(оқушылар саусақтарының ұштарын соғады).
Сөздікке қажетті суреттер:
Көл
|
Ұқсастығы
|
Өзен
|
Айырмашылығы
|
Айырмашылығы
|
Бірінші топ, өзен және көлдің суреттерін салады, астына олардың атауларын жазады (дүниетану сабағымен байланыстыру);
Екінші топ, ВЕНН диаграммасын пайдаланып, салыстырады;
Үшінші топ, дайын суреттерді сөйлем арқылы салыстырады;
1-тапсырма:
(Ұ) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, берілген мәтінді қатесіз көшіріп жаз.
Шарты:
Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жаз.
…………………………. 85 мың өзен бар. Ең ұзын …………… – Ертіс өзені. 48 мыңнан астам …………….. бар. Ең терең көл – ………………………. . Ең суы ………….. көл – Марқакөл.
Достарыңызбен бөлісу: |