Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет26/43
Дата29.09.2023
өлшемі496,67 Kb.
#111310
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
himiya-pnnen-10-synypa-arnalan-ysa-merzmd-zhosparlar-toptamasy

Клечковскийдің заңы
Көп электронды атомдардың орбитальдарын электрондармен толтырғанда, ең бірінші энергиясы аз орбитальдар толтырылады. Энергияның өсуіне байланысты орбитальдар мынадай қатарға орналасады.
1s<2 s <2 p <3 s <3 p < 4 s ≈ 3d< 4 p < 5 s≈ 4d<5 p <6 s ≈ 5d≈4f < 6 p < 7 s ≈ 6d ≈ 5f < 7р
Осы заңдылықты 1926 жылы совет ғалымы В.М.Клечковский тұжырымдады.




  1. Электронның берілген екі жағдайының қайсысында бас және орбиталь квант сандарының қосындысы (n+l) кіші болса, соның энергиясы кіші болады.

Мысалы, 3d және 4s орбитальдарды қарастырайық:
3d үшін: n=3; l=2; n+l = 5
4s үшін: n=4; l =0 ; n +l =4
4s орбиталының энергиясы кіші, сондықтан ол бұрын толтырылады.

  1. Егер n мен l-дің қосындысы бірдей болса, энергия бас квант санына тәуелді. Қай орбитальдың n мәні кіші болса, соның энергиясы кіші.

Мысалы, 4s үшін n=4; l=0; n+l=4
3p үшін n=3; l=1; n+l= 4

Екі орбиталь үшін n+l қосындысы бірдей, сондықтан қайсысында n мәні кіші, сол бұрын толтырылады, демек бұрын толтырылады.


2.8 Атомдардың электрондық құрылымы және периодтық жүйе


Периодтық жүйенің құрылымы. 1869 жылы Д.И. Менделеев ашқан периодтық заңның қазіргі оқылуы: жай заттардың қасиеттері және элементтердің қосылыстарының қасиеттері мен түрлері элементтердің атомдарының ядросының зарядына периодты тәуелділікте болады.
Периодты заңның графиктік кесте түріндегі бейнесі периодтық жүйе болып табылады. Периодтық жүйе периодтардан және топтардан тұрады. Период дегеніміз − ядро зарядының біртіндеп өсуі және қасиеттерінің белгілі тәртіп бойынша өзгеру ретімен орналасқан элементтер жиынтығы.
Период нөмірі бас квант санына сәйкес. Периодтар кіші, үлкен деп бөлінеді. І, ІІ, ІІІ периодтар − кіші, ал ІV, V, VІ VІІ периодтар - үлкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет