Байланыс саны (Б.С.).
Б.С. =
Б.С. неғұрлым жоғары болса, соғұрлым байланыс берік болады.
3.5 Гибридтену
Кейбір молекулалар түзілгенде олардың құрамындағы орбитальдардың бастапқы энергиялары мен кейінгі энергиялары бірдей болмайды.
Осындай құбылысты түсіндіру үшін Полинг “гибридтену” деген түсінік енгізді. Полингтің пікірі бойынша, s және р-орбитальдар байланыс түзердің алдында өзара араласады, басқаша айтқанда, гибридтенеді. Гибридтену әртүрлі жолмен жүреді.
7 - кесте
Гибридтену типтері
Период
|
s-орби-таль саны
|
р-орби-таль саны
|
Гибридтену типі
|
Валенттік бұрыш
|
Геометриялық түрі
|
Молекула
|
ІІ
ІІІ
ІV
|
1
1
1
|
1
2
3
|
sp
sp2
sp3
|
1800
1200
1090
|
түзу
сызық
тең қабырғалы үшбұрыш
тетраэдр
|
MgF2
CaF2
BeF2
BF3
AlF3
GaF3
|
d-орбитальдары бар элементтерде dsр2 - гибридтену болады, оның геометриялық түрі - жазық квадрат (900), d2sр3 - октаэдр – мысалы, SF6 молекуласы үшін. Сонымен, гибридтену деп орбитальдардың өзара араласып, бір пішіндес және тең энергиялы орбитальдарға айналуын айтады.
3.6 Молекулалар арасындағы байланыс
Ван-дер-Ваальс күштері.
Молекулалардың бір-біріне тартылысу күштері валенттік күштерден әлсіз. Заттардың қатты және сұйық күйде болатыны осы Ван-дер-Ваальс күштеріне байланысты.
Молекулалардың полярлануы.
Егер бірнеше полюсті молекулалар Ван-дер-Ваальс күштері арқылы тартылса, бұл молекулалардың полюстілігі арта түседі, диполь моменті өседі, деформация болады, осы құбылыс молекуланың полярлануы деп аталады.
3.7 Сутектік байланыс
Су молекулаларында сутектік байланыс болады. Су молекулаларында электрон бұлты электртерістілігі үлкен оттекке қарай ығысқан, сондықтан Н+-ионында оң заряд пайда болады. Ол оң зарядты болғандықтан, басқа су молекуласының теріс зарядты полюсін өзіне тартады да, сутектік байланыс түзіледі, ол химиялық байланыстан әлсіз, ал Ван-дер-Ваальс күштерінен күштілеу, химиялық байланыстың бұл түрі құрамында сутек бар молекулаларда орын алған.
Hδ+
Н _ О _ Н ... О
Нδ+
ЕСЕПТЕР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Фтор мен хлор атомдарының иондану энергиялары сәйкесінше − 17,4 және 13,0 эВ, электронтартқыштығының энергиясы – 3,45 және 3,61 эВ. Осы элементтердің қайсысы иондық қосылыстар түзуге бейім екенін және осы қосылыстардағы галоген иондарының зарядтарын анықтаңыздар.
Гелийдің иондануы келесі реакция бойынша жүреді: Не =Не+ + е-
осы кезде бұл элементтің иондану энергиясы 2370 кдж/г-атом құрайды. Гелийдің иондану потенциалын вольтпен есептеңіздер.
Бромның иондану потенциалы − 1140 кдж/моль, ал электронтартқыштығы − 342 кдж/моль. Бромның салыстырмалы электртерістілігін есептеңіздер.
Ғ2, Н2О, О2 молекулаларындағы химиялық байланыстың типін көрсетіңіздер. Электрон бұлттарының бүркесуінің сызба-нұсқасын келтіріңіздер.
Салыстырмалы электртерістіліктің кестесін пайдалана отырып, келесі молекулалардағы химиялық байланыстардың типін анықтаңыздар және қосылыстардың қайсысындағы химиялық байланыс иондық байланысқа тән қасиетпен сипатталатынын көрсетіңіздер: HCI, NaCI KBr BeCI2.
НҒ – HCI – HBr – HI қатарында байланыс беріктігі қалай өзгеретінін және себептерін түсіндіріңіздер.
NCI3, CS2, ICI5, NF3, OF2, CIF, CO2 қосылыстарындағы химиялық байланыстың типін анықтаңыздар. Осы молекулалардағы ортақ электрон жұптарының ығысу бағытын анықтаңыздар.
Су молекуласындағы химиялық байланыс донорлық-акцепторлық механизм бойынша түзілген коваленттік байланыс болып табылады. Бұл кезде Н3О+-гидроксоний ионы түзіледі. Электрондарды нүктелер және крестиктер арқылы өрнектеп, гидроксоний-ионының электрондық диаграммасын көрсетіңіздер.
Аммиак бор трифторидімен әрекеттескен кезде NH3BF3 түзіледі. Бұл қосылыста донорлы-акцепторлы байланыс түзілген. Электрондарды нүктелер және крестиктер арқылы өрнектеп, NH3BF3 молекуласының электрондық диаграммасын көрсетіңіздер.
Хлордың электртерістілігі көміртектің электртерістілігінен жоғары деген ұғымды қалай түсіндіруге болады?
- ионы түзілген кезде электрон жұбының доноры болып табылатын атомды немесе ионды анықтаңыздар.
СН4, молекулалары және ионындағы коваленттік байланыстарын түзілуін сипаттаңыздар және салыстырыңыздар. және - иондарының түзілу мүмкіндігін немесе түзілмеу себебін түсіндіріңіздер.
Валенттік байланыс әдісін пайдаланып, NO және NO2 оксидтерінің димерлік молекулалар түзу қабілетін түсіндіріңіздер.
Валенттік байланыс әдісін пайдаланып, О2 молекуласының түзілуін түсіндіріңіздер.
Валенттік байланыс әдісін және молекулалық орбитальдар әдісін пайдаланып, СО және СN молекулаларының түзілуін түсіндіріңіздер.
Ве2 және Ne2 молекулалары тұрақты болып түзілмейді. Себебін молекулалық орбитальдар әдісінің тұрғысынан түсіндіріңіздер.
HCN молекуласының дипольдік моменті − 2,9 D. Дипольдің ұзындығын есептеңіздер.
Фторсутек молекуласының диполінің ұзындығы − 4∙10-11м. Молекуланың дипольдік моментін дебай және кулонметрде есептеңіздер.
Р4 тетраэдрлік молекуласының және - ионының түзілу кезіндегі фосфор атомының электрон бұлттарының гибридтену типін анықтаңыздар.
SiH4 молекуласының түзілу кезіндегі кремний атомының электрондық бұлттарының гибридтену типін анықтаңыздар.
H2O және H2S молекулаларының дипольдік моменттері − 1,84 D және 0,94 D. Дипольдардың ұзындықтарын есептеңіздер. Осы екі молекуланың полярлануын салыстырыңыздар.
SiH4 және SiF4 қосылыстарындағы кремний атомының электрон бұлттарының гибридтену типін анықтаңыздар және осы екі молекуладағы химиялық байланыс полярланған байланыс немесе полярланбаған байланыс екенін анықтаңыздар.
ТіҒ4 молекуласындағы титан атомының электрон бұлттарының гибридтену типін анықтаңыздар.
Н2S, H2Se, H2Te молекулаларындағы химиялық байланыстың полярлылығын салыстырыңыздар. Осы молекулалардағы байланыс бұрыштарының қайсысы 900-қа жақын екенін анықтаңыздар.
Келесі молекулалардағы байланыс типін анықтаңыздар. Ғ2, CI2, HCI, H2O, BeCI2, ТіҒ4, NH3, PCI3.
Достарыңызбен бөлісу: |