Сабақ негізделген оқу мақсаттары



бет3/6
Дата25.04.2022
өлшемі417,26 Kb.
#32228
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Вегетативті көбею сипаттамасы. Вегетативті көбею – жыныссыз көбеюдің бір түрі. Бұл әдісте ағзалар өз денесінің бөлігі немесе жеке мүшелері арқылы көбейеді. Аналық ағзасынан бөлінген, келесі тірі ағзаға бастама беретін бөліктер маманданбаған. Яғни оларда қандай да бір ерекше құрылым болады.

Көбеюдің бұл әдісі алғашқы көпжасушалы ағзаларда пайда болған. Бұл әдісте ұрпақтың аналық ағзаның толығымен көшірмесі болады. Сол үшін оларды «клондар» деп те атайды. Себебі клондаған кезде жас ағзаларға аналық ағзаның ДНҚ-сы бар жасушалар беріледі. Клондар – басқа ағзаның кез келген, бірақ маманданбаған (жыныстық емес) бөліктерінен пайда болған ағзалар. Денесінің бөліктері арқылы вегетативті көбею қыналардың барлық түрі мен кейбір саңырауқұлақтарға тән. Жануарларда вегетативті көбеюге бөлшектенуді (фрагментация) – теңізжұлдызшаларының бөлінуін және ішекқуыстылардың бүршіктенуін келтіруге болады.

Өсімдіктердегі вегетативті көбею. Бұған жоғары сатыдағы өсімдік- терге тән қалемше, сұлатпа бұтақ, тамыршалар, жапырақтар немесе

«мұртшалары» арқылы көбею жатады. Қалемше арқылы көбею – сабақ (өркен) бөліктері – бүршіктері бар бұтақ кесінділері арқылы вегетативті көбею әдісі. Бұл әдіс арқылы ағаштардан терек, тал, ал бұталардан қарақат, қарлыған, жүзім, сәндік өсімдіктерден раушангүл көбейеді. Қалемше арқылы көбейетін барлық өсімдіктерді сабақ сұлатпа бұтақтары арқылы да көбейтуге болады. Бұл әдіс көбінесе қалемше арқылы нашар немесе мүлде көбеймейтін дақыл үшін қолданылады.

Сұлатпа бұтақ алу үшін бұтағын жерге қарай көміп қояды. Топырақтағы сабақ бөлігінде бүршікпен қосалқы тамырлары түзіледі. Бұл қалыптасқан дайын сұлатпа бұтақ болады. Оны енді бастапқы өсімдіктен бөліп алып, көшіріп отырғызуға болады.

Вегетативті көбеюді өсімдік шаруашылығында қолдану. Вегетативті көбеюді мәдени өсімдіктің сапасын жақсарту үшін қолданады. Негізінен вегетативті көбеюді әртүрлі мақсатта:

1) жынысты жолмен бұдандастыруға болмайтын ағзаның қасиеттері бар өсімдіктің жаңа буданды сұрыпын алу үшін;

2) едәуір бағалы өсімдіктің генетикалық біртекті «таза сұрыптарын» алу үшін;

3) жынысты жолмен сапалы көбеймейтін сұрыптарды көбейту үшін;

4) «клонды сұрыптау» бойынша тәжірибе жүргізу үшін қолдану.

Қарақат бұтағынан 20 бұтақ кесіп алып, одан жеке 20 өсімдік алынса, олар- дың барлығы генетикалық тұрғыда бірдей болады. Оларды суғару, тыңайтқыш енгізу т.б. жолымен тәжірибе жасаса, қандай жағдайда ең жақсы өнім алуға болатынын дәл анықтауға болады.

Телу арқылы алынған жеміс-жидек дақылдарының көптеген сұрыптары бар. Телу – бір өсімдік бөлігін басқа өсімдікке қондыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет