№8 сабақ. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі, қызметі. Геннің молекулалық
биологиясы.
Сабаққа дайындалуға арналған негізгі сұрақтар:
1)
Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі
2) Ген, молекулалық- биологиялық құрылысы және анықтамасы. Геннің қасиеттері, жіктелуі және
қызметі
3) Про-эукариоттар генінің молекулалық-генетикалық құрылымы.
4) Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы
1) Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі
Нуклеин қышқылдары (НҚ) – бұл барлық тірі ағзалардың ағзасында кездесетін және тұқым
қуалау ақпаратын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын күрделі жоғары молекулалық
қосылыс. «Нуклеин қышқылы» терминін 1889 жылы ұсынған: нуклеин
деген атауды алу себебі
бірінші рет жасуша ядросында табылуына, ал қышқылы сөзінің жалғануы құрамында
фосфор
қышқылы қалдығының болуына байланысты алынған.
Бұл күрделі биополимерлердің үлкен молекулалық массасы.
Нуклеин қышқылының
мономері- нуклеотид болып табылады, сондықтан нуклеин қышқылдары полинуклеотидтік тізбек
құрайды.
Әрбір нуклеотидтің құрамына бескөміртекті моносахарид (пентоза), фосфор қышқылының
қалдығы және азоттық негіз (аденин (А), тимин (Т), гуанин (Г), цитозин (Ц), урацил (У:) кіреді.
А, Г және Ц азоттық негіздері нуклеин қышқылдарының екі түріне де тиесілі, бірақ Т тек
қана
ДНК құрамына , ал У тек РНК құрамына кіреді. .
Нуклеин қышқылдарының құрамында қант пентоза түрінде кездеседі.ДНҚ құрамындағы
бескөміртектік қант дезоксирибоза, ал РНҚ – рибоза деп аталады.
Көміртектің әрбір
молекуласында бес атомды көміртек болады, оның төртеуі көміртек атомымен қосылып бес
сақиналы мүше құрайды, ал бесіншісі НО-СН2 тобына кіреді. Пентоза молекуласындағы әрбір
көміртек атомының жай-күйі штрихты араб цифрімен (1C´, 2C´, 3C´, 4C´, 5C´) белгіленеді.
Гидроксилді топ бойынша 3-ші және 5-ші көміртекті атомдарға (3С´ және 5С´) фосфор
қышқылының қалдығы жалғанған. Нуклеотидтер бір- бірімен тізбекке өзара фосфорлық топпен
коваленттік байланыс жасау арқылы тізбектеледі. Бұл жағдайда әрбір жаңа нуклеотид өзінің
алдындағы нуклеотидтің 3’ ұшына барып жалғасады. Бұл ДНҚ
мен РНҚ-ның қышқыл тобына
химиялық жағынан тәуелділігін сипаттайды. Бірінші көміртек атомының қант молекуласына
азотты негіз жалғанған.
Азоттық негіздің қантпен қосылысы нуклеозид деп аталады.
Екі азотты негіз (А және Г) пурин тобына, ал үшеуі - (Т,У және Ц) пиримидин тобына жатады.
Нуклеин қышқылдарының екі түрі бар: олар ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) және
РНҚ (рибонуклеин қышқылы).