Энхансер - транскрипция жылдамдығын 200 есеге дейін арттыратын нуклеотидтердің арнайы
жүйесі. Энхансерлер вирустар (SV–40) геномы мен эукариоттарда (иммуноглобулин, инсулин,
альфа-амилаза, т. б.) табылған. Мысалы, Xenopus бақаларының көлемі үлкен рибосомалық
гендеріндегі спейсерлік учаскелерде орналасқан 60-80 нуклеотидтерден тұратын энхансерлік
жүйелер транскрипция жылдамдығын 20 есеге дейін жоғарылатады. Энхансерлер транскрипция
басталатын нүктеден жоғары, сол жағында, промотордан 100-200 жұп, кейде мың жұпқа дейінгі
арақашықтықта орналасады.
Сайленсеры – транскрипция жылдамдығын төмендетеді.
Гендердің ара-арасында ақпарат жазылмаған нуклеотидтер жүйесі-спейсерлер орналасқан.
ДНҚ-ны байланыстырушы локустар –нақты белоктармен байланыс жасайтын арнайы
нуклеотидтер жүйесі:
а) ферменттік-ДНҚ-полимеразалық кешен
б)реттеуші белоктар.
Көптеген спейсерлік учаскелер хроматиннің нуклеосомалық құрылымында қызмет
атқарып,хромосомалардың центриолдерге бекінуіне т.б процестерге қатынасуы мүмкін делінеді.
Геннің кодтаушы бөлігінде тағы да маңызды спецификалық учаскелер бар:
Экзон - геннің кодтаушы бөлігіндегі ақпаратты бөлігі
Терминаторлар – структуралық гендерден кейін орналасқан арнайы нуклоетидтер жүйесі.
Бұлар да транскрипцияның аяқталғандығы жайлы сигнал береді.
Терминациялық кодон - рибосомада трансляцияның аяқталуын қамтамасыз етеді . ДНҚ да
нонсенс кодондар- ТАА, ТАГ, ТГА триплеттерне сәйкес УАА, УАГ, және УГА. Бұл триплеттерге
ешқандай бірде-бір амнқышқылдары сәйкес келмейді сондықтан рибосомада полипептид синтезі
үзіледі.
Эукариоттардың генінің молеклалық құрылымы(схема түрінде)