Сабақ Оқытушымен білімалушылардың өзбетінше жұмысы Тақырыбы : Тірек-қимыл жүйесі



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата15.12.2022
өлшемі6,65 Mb.
#57558
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—29 в 19.19.23

Жасқа байланысты өзгерістер. Олар көбінесе гиалинді шеміршек тінінде 
байқалады. Мосқал және қарт жаста гиалинді шеміршектің терен 
қабаттарында кальций тұздарының жиналуы белгіленеді. Бұл аймаққа
тамырлар тарайды, содан кейін избестелінген шеміршек тіні сүйек тініне
айналады -оссификация дамиды. 
Гиалинді шеміршек. Бояуы: 
гематоксилин және эозин. х280 


Буын шеміршегі
Буын шеміршегі 
қанқалы тіннің арнайы түрі. Синовиалды буында онымен 
қарамақарсы жатқан сүйектердің беткейлері жабылып тұрады. Қалыптыда
оның беткейі тегіс және жылтыр, жас организмінің буынына басқан кезде ол 
ішіне қарай басылып ойысады. Жас қосылған сайын шеміршек сарғаяды және
қатаяды. Шеміршектің құрылысы буынға түсетін механикалық соққыларды 
жұмсарту үшін беимделінген. 
Шеміршектің негізі суды байланыстыратын гликопротеиндерден тұратын 
матриц
а
(негізгі зат) болып табылады. Бұл матрицада хондроциттер және коллагенді
талшықтар болады. Шеміршекте тамырлар және нервтер болмайды, оның 
қоректенуі буын қуысындағы синовиалды сұйықтығы немесе, сүйек қызыл 
кемігіне жақын жататын тамырлардан қамтамасыз етіледі. Шеміршекке салмақ
түскен кезде буын қуысына синовиалды сұйықтығы бөлінеді, оның құрамында
су көп болады. Салмақ қайтқан кезде синовиалды сұйықтық синовиалды 
қабықшаның тамырларының арнасына сіңіріліп өзімен бірге буын 
шеміршегінің трофикасын қамтитын қажетті қоректі заттарды алып келеді. 
Бұдан басқа буынның құрамына екі сүйекті құрсаулайтын 
буынды қабы 
кіреді. 
Буынды қабы берікті байламдар арқылы бекітілген. Қапты түзетін дәнекер
тіннің құрамында шеміршектің дәнекер тініне қарағанда шамалы негізгі зат
және оның беріктігі мен төзімділігін қамтитын көптеген коллагенді 
талшықтары болады. 
Буын қабығының ішкі беткейі синовиалды қабықшамен жабылған. Синовиалды
қабықшаның беткейлі жас-ры синовиалды сұйықтықты бөліп отырады. 
Синовиалды қабықшада көптеген қантамырлар болады. Буын шеміршегінде
кәдімгі шеміршек пен салыстырғанда өте көп сезімтал нерв ұштықтары
кездеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет