«Зиянды» сұрақтар. Бұрауды жалаңаш теріге таңуға бола ма?(Жоқ)
Қандай шөп қан кетуді тоқтатады?(Жолжелкен)
Қанның көктамырдан немесе күретамырдан шығып жатқанын қалай білугеболады?
Карточкалар Оқулық
Түрлі-түсті суреттер
Бұрау, таңғыш
Карточкалар Оқулық
Жолжелкен
(Көктамырдан қара-қошқыл, ал күретамырдан алқызыл қан шығады) №2. Сен үзіліс кезінде ойнап жүрдің, кенет сенің мұрныңнан қан кетті. Іс-әрекетің қандай болады?
Жауаптары: Алға қарай иіліпотыру
Мұрынға мұзқою
Егер көмектеспесе, мұрынды 5-10 минутқа саусақпен қысыпотыру.
Егер көмектеспесе, тұз ерітіндісіне мақтаны сулап алып (бір стақан суға 1шәй қасық тұз) мұрынғасалу.
Егер көмектеспесе, дәрігерге қаралу.
«Зиянды» сұрақтар. Мұрыннан аққан қан тамаққа қарай ағылуы үшін шалқалап жатуға бола ма?(Жоқ)
Қанды сутек тотығымен тоқтатуға бола ма?(Иә)
Мұрыннан қан кеткеннен кейін шәй, кофе ішуге бола ма?(Жоқ)
№3. Бақшада жүргенде сені сона немесе ара шағып алды. Іс-әрекетің қандай болады?
Жауаптары: Теріден араның бізгегін бас бармақтың тырнағымен қысып отырып алыптастау;
Жараға суық компрессқою.
Оның аяқтары басынан жоғары тұруы үшін арқамен шалқалапжату;
Тыныс алуды жеңілдету (белдікті, көйлектің жағасынағыту)
Көрпежамылу;
Ештеңе ішіп, ештеңе жемеу керек.
«Зиянды» сұрақтар. Сонаның бізгегін алып тастау керек пе? (Жоқ, сона бізгегінқалдырмайды)
Ал егер ара тіліңді шағып алса, ол күлкілі ме? (Жоқ, бұл өте қауіпті,тұншығып қалуыңмүмкін)
Ара немесе сона шаққан кезде есіңнен танып қалуың мүмкін бе? (Иә, мүмкін, тіпті соңы өлімге алып келу де мүмкін)
№4. Сендер от тұтандырып, балық сорпасын қайнатамыз деп шештіңдер. Ыдыстағы қайнап жатқан су төңкеріліп түсіп, досың қолын күйдіріп алды. Іс-әрекеттерің қандай болады? Жауаптары: Күйген жерге мұз салынған қалтаны немесе суық суды 5-10 минутқақою.
Күйген жердің айналасын спиртпен, жасыл дәрімен немесе марганецерітіндісімен сүрту.
Тазартылған таңғышпенбайлау.
Күйіп қалған адамға ауырсынуды басатын дәріберу.
Оны ауруханаға жеткізу.
«Зиянды» сұрақтар. Күйген жерден зақымданған теріні, киімнің қалдықтарын алып тастауға болама? (Жоқ)
Күйгенжердіспиртпен,жасылдәрімен,йодпен,маймен,жақпамайменсүртуге, ұнтақ жағуға бола ма?(Жоқ)
Күйген жерді таңғышпен қатты байлауға бола ма?(Жоқ)