Сабақ Қосымша ақпарат



Дата16.10.2023
өлшемі22,86 Kb.
#115703
түріСабақ
Байланысты:
6 сынып-Қазақстан территориясындағы ерте ортағасыр


Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер
Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?
3-сабақ
Қосымша ақпарат
Естеми қаған
Істемі, Истеми, Иштеми, Естеми (қытай жазбаларында Ши-де-ми, грек жазбаларында Стемвис, Менандр жазбасында Дизавул) (т. ж. б. – 576) – Түрік қағандығының қолбасшысы, Бумын қағанның інісі.
Көне түрік жазбаларында ағасы Бумынмен бірге түркілердің арғы аталарының бірі және олардың тайпалық одақтарының негізін қалаушы ретінде аталады. Ежелгі түркі сына жазуы ескерткіштерінің авторлары Тоныкөк пен Иоллығ тегіннің ақылды, жаужүрек болғанын әрі соғыс өнерін жетік білгенін, соның нәтижесінде көп жыл билік құрғанын баса айтады. 10 түмен әскерге қолбасшы болып, баһадүр лауазымын алған. 552 – 53 ж. ху елін (соғдыларды), Алтайдың солт-ндегі тайпаларды бағындырған. 554 – 55 ж. жужандарға жорық жасап, оларды Арал теңізінен әрі қуып, аз уақыт ішінде Қытайдан Әмударияға дейінгі, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулап алған. 558 ж. Еділдің жағасына, Орал тауына дейін жетті. Дегенмен, Орт. Азияның ішкі аумақтарына қарай жасаған жорықтарында ақ ғұндардан қатты қарсылық көріп, бұл бағытты уақытша тоқтатады. Ақ ғұндарға қарсы саяси одақ құру үшін Иран шахы Хұсрау І Ануширванмен келісімге келіп, Мұқан қаған Қытай императоры Ювин-Тайменқұдандалы болады. Нәтижесінде 563 – 67 ж. ақ ғұндар мемлекеті талқандалды. Түріктердің батыстағы он ірі тайпа бірлестігін біріктіргені үшін “Он оқ будун қағаны” атанды, бірақ ресми түрде қаған сайланбаған. Өзара келісім болғанымен Түрік қағандығының Жібек жолының керуен бағыттарына бақылау орнатуы Иран шахына ұнамады. Сондықтан Орта Азиядағы өзінің саяси билігін біржолата нығайту үшін, Византияға Маниах бастаған елшілік жіберді. Бірақ бұл елшілік те, одан кейінгі екінші елшілік те Иран шахының тарапынан сәтсіздікке ұшырады. Бұдан кейін Иранмен арадағы одақты жойып, Византиямен қарым-қатынасты күшейту үшін Маниахбастаған елшілікті Кавказ арқылы Константинопольге аттандырды. Нәтижесінде екі ел арасында сауда келісімі мен Иранға қарсы әскери одақ құрылды. Византия императоры Юстин ІІ-ге Земарх бастаған өз елшілігін жіберді. Осыдан кейін Иран шахына шабуыл жасап, Журжан қ-н басып алды. Көп ұзамай Соғдиана қолына өтті. Алайда Византия императорының аварлармен келісімге келгенін естіген ұлы Түріксанфпен бірге 571 – 76 ж. Солт. Кавказ бен Қырымға жорық жасады. Осы жорықтың аяғына қарай қайтыс болып, орнына баласы Данже таққа отырып, өзін Дарту қаған деп атады.

Тон жабғу қаған (туған жылы белгісіз – 630) – Батыс Түрік қағанатының билеушісі (612/618 – 630). Шегу қағанның інісі, Янг Соух тегіннің баласы. Ата тегі: Істемі - Тардуш қаған - Янг Соух тегін - Тон жабғу. Ағасы қайтыс болғаннан кейін қағандықтағы билікті өз қолына алды. Кейбір деректер бойынша Шегу қаған мен Тон жабғуды бір адам деп көрсетеді. Ордасын Мыңбұлақ (Цянь-цюань) деп атайтын жерге көшіреді. Әскерін жүз мыңнан асырып, теле тайпасын бағындырып, Иранды жаулап алуға қол жеткізді. Қол астындағы иеліктерге жаңа басшылар тағайындап, оларға сылифа (елтебер) деген титул берді. Сылифалардың іс-әрекетін қадағалап отыруды арнайы белгіленген ақсүйектерге тапсырды. Қытай императорымен жақсы қарым-қатынас орнатып, оған қымбат сыйлықтар жіберіп тұрды және онымен Шығыс Түрік қағандығына қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасады. Алайда мұндай келісім көп ұзамай Тон Жабғудың өзінің туысы Баһадүр қағанныңдің (Сыби хан Мохеду) қолынан қаза табуына байланысты жүзеге аспай қалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет