Сабақ Өткізілетін күні: 13. 12. 2023 ж Уақыты: 15. 00-16. 00



бет4/5
Дата26.12.2023
өлшемі102,53 Kb.
#143615
түріСабақ
1   2   3   4   5
Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

1

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырады:
жуан сұрақ;
жіңішке сұрақ;

1
1

Сұрақтарға жауап береді:
1-жауап;
2-жауап;

1
1


Тапсырма №3
5.3.1.1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі, және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;
Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі, және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру үшін оқушы абзац туралы білу керек.
Абзац- бір ойдың айналасында мағыналық байланыс құрайтын сөйлемдер жиынтығы. Сөйлемдер жиынтығы белгілі бір тәртіпке бағынады. Егер ондай жүйелі байланысқа құрылған құрылымдық сипат болмаса, айтылған не жазылған сөзді, мәтінді тыңдаушы не оқушы адам түсінбес еді. Сөйлемдер абзацта 3 түрлі тәсілмен байланысады. Олар: параллель байланыс, тізбекті байланыс және аралас байланыс.
1-түрі -параллель байланыс бір ұғымды(затты, құбылысты) әр жақтан сипаттайтын сөйлемдер арасында орнайды. Мысалы, Абай - қазақтың ұлттық мінез құлқын терең білген, анық сипаттаған ұлы ақын. Абай – жаман мінез құлықты түзетудің жолдарын көрсеткен адам. Абай - ұлттық болмыстың идеалды бейнесін анықтаған адам.
Сөйлемдер бір тақырыптың айналасында құрылып, ақын бейнесін әр жатан сипаттап тұр
2-түрі -тізбекті түрі. Бірінші сөйлемде айтылған ой келесі сөйлемде әрі дамытылады.
Сөйлемдер арасындағы байланыс бір сөздердің қайталануы арқылы орнайды.
Тапсырма
Мәтіні мұқият оқып шығып, берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі, және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру
Бүркіт

Қазақстан мен Қырғызстанда бүркітті баяғы заманнан-ақ аң аулау үшін баптаған. Ол қоян, түлкі сияқты аңдарды аулауға тез жаттығады.


Бүркіт – мекен-жай ауыстыра бермейтін отырықшы кұс. Ұясын тұрған жерінің жағдайына қарай діңі жуан ағаштардың қуысына, кұз жартастарға, мықты талдарға салады. Бүркіттің ұясы кәдімгідей орнықты кұрылыс. Оның биіктігі кейде екі метрдей болады. Табанына кепкен шөптен, жүн мен қауырсыннан жұмсақ төсеніш салады.
Бүркіттің ұрғашысы еркегінен ірілеу келеді. Екеуінің де қауырсыны қара қошқыл, кей жері сарғыштау болады. Ұясына 1-3 жұмыртқа салады. Оны 45 күн басады. Басты «жылытқыш», әрине, аналық бүркіт. Әйтсе де, еркегі де болашақ ұрпағын аз уақыт та болса бауырына басып жылытады.
Балапандар алғаш ата-анасының тікелей бақылауында болады. Өмір сүрудің алғашқы әліппесін үйренеді. Үш айлығында еркін ұшып-қона алады.
(115 сөз)
(http://bilim-all.kz)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет