Сабақ оқуға да уақыт табатыныңа мен сенемін. Көбейту кестесін 2-ден 10-ға дейін жаттау



бет5/13
Дата06.01.2022
өлшемі38,46 Kb.
#16797
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1 тоқсан тапсырмасы 2- тоқсан

Сөз диктанты.

         Етті өткір пышақпен турайды. Нанды қолмен үзбейді. Сәбізді ұзынша етіп турайды. Пиязды аршиды. Ол ащшы болады. Сүтті пісіреді. Одан айран ұйытады, ірімшік жасайды. Айраннан қатық жасайды. Сүттен сары май алынады.



Көктем

        Көктем келді.Күн жылына бастады.Қар еріді.Жылғалардан су ақты.Құстар ұшып келді. Ағаштар бүршік атты. Ауылда көктем жұмысы басталды. Трактормен жер жыртылды. Жерге тұқым себілді. Жеміс бағында жұмыс қызу жүріп жатыр. Ағаштардың қураған бұтақтары кесілді.  (36 сөз).



Аян

        Аянның мектебі алыс емес. Оның мектебі орталықта. Орталықта кітапхана, клуб, мұражай бар. Аян мектебіне ерте кетеді. Мектептен келген соң сабағына дайындалады. Ол есеп сабағын жақсы көреді. Қазақ тілінен бес деген баға алады. Аян сурет салуды ұнатады. Ол кітабын, дәптерін, қаламын, сызғышын, өшіргішін сөмкесіне күні бұрын салып қояды. Оның сумкасында артық заттар болмайды.  (52 сөз).



Қыс

          Күн суытты. Қыс түсті. Күннің қызуы аз. Жапалақтап қар жауа бастады. Жер ақ көрпесін жамылды. Ағаш пен бұталарды қар басты. Балалар мұз үстінде коньки теуіп жүр. Олар шанамен сырғанады. Балалар қардан сырғанақ жасады. Бір топ бала қардан қоян жасап жатыр. Мұздағы ойын қызық болды. Балалар үйлеріне көңілді қайтты.  (48 сөз).



Жазғы демалыс

          Балалар ерте тұрды. Дене шынықтыру жасады. Одан кейін жуынады, тамақтанады. Олар алаңға шығады. Тәрбиеші жаңа ойынның тәртібін түсіндірді. Оқушылар тәрбиешінің айтқаның орындайды. Ойын ойнайды. Тәрбиеші балаларды өзенге алып барады. Олар суға шомылады. Балалар сағат екіде түскі тамақтарын ішеді.   (38 сөз).



Достар

        Оқушылар тамақтан кейін демалады. Олар сабақтарын жақсы оқиды. Балалар бір – бірімен тату. Олар тәртіпті. Бір – бірімен дос. Жасы кішілеріне қомқорлық жасайды. Балалар кешкі жетіде тамақтарын ішеді. Содан кейін кітап оқиды, ойнайды. Олар ұйықтар алдында  тісін тазалайды. Содан кейін бетін, қолын, аяғын жуады. Сағат тоғызда ұйықтайды.  (43 сөз).



Ауыл

         Кең дала. Алыстан тау көрінеді. Таудың бауырында ауыл бар. Ауылда клуб бар. Клубтың бір бөлмесінде кітапхана. Кітапханада қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде кітаптар бар. Әр тілде шыққан журнал, газеттер де бар. Клубтан кісі үзілмейді. Мұнда апта сайын кино болып тұрады.  



Артек

  Биік таудың етегі теңізге тіреледі. Осы жерге Артек орналасқан. Артек - әлемге әйгілі оқушылар лагері. Артек  маңы көгілдір шыршаға толы. Бұл көрікті жерде демалыс лагері орналасқан. Лагерь көп жерді алып жатыр. Мұнда жыл сайын мыңдаған балалар келіп демалып қайтады.  (38 сөз).



Теңіз капустасы

       Теңіз капустасы теңіз түбінде өседі. Оның емдік қасиеті бар. Теңіз капустасымен түрлі ауруларды емдеуге болады. Одан дәмді тағам жасайды. Бізде теңіз капустасынан консервіні дайындайды. Капустадан салат жасайды. Оны етке де араластырады. Теңіз капустасынан түрлі тамақ жасау Жапонда кең тараған.  (39 сөз).



Көжектер

       Орманда бір топ көжек қуаласып ойнап жүр. Оның біреуі қоңыр екен. Ол қуалау ойынына қатысады. Енді көжектер жидек теруге шықты. Қиқар көжектің жүрісі бояу. Ол басқа көжектерден кейін қалды. Әуелі орман ағаштары сиректеу еді. Кейін жиіленді. Ақыры көжек қиқарлығынан адасып қалды.    (41 сөз)



Дидар

   Дидар жасынан тіл алғыш болды. Үлкендердің айтқаның бұлжытпай орындады. Өзінің киімдері мен ойыншықтарын бір жерге қойып дағдыланды. Кейін өз төсегін өзі жинайтын болды. Дидар биыл он екі жаста. Сабағын өте жақсы оқиды. Дидар ұқыпты бала болып өсті.  (37 сөз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет