Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.1.7.2 - жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау;
7.1.7.3 - жүйке жасушасының компоненттерін анықтау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Жүйке жүйесінің құрам бөліктерінің маңызын біледі.
Көпшілік оқушылар үшін: Жүйке жүйесінің қызметін түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар үшін: Нейронның құрылыс мен қызметін түсіндіреді және сипаттайды.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.