Сабақ. Сабақтың тақырыбы: Өміріміздегі қайталаулар Бөлімі: Ұзақмерзімді жоспар тарауы


-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Фотосуреттер



бет136/151
Дата05.12.2023
өлшемі436,63 Kb.
#134467
түріСабақ
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   151
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ жаңа.472-бұйрық

31-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Фотосуреттер

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
5-бөлім. «Мәтін, графика және презентация (ортақ тақырыбы:
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер»)

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Фотосуреттер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.2.1 фотосуреттерді өңдейтін (жарық, контраст, жиектеме) программалар қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Мерекелік көңіл күйді, қуанышты сәттерді фотоға түсіру үшін қандай цифрлық құрылғы қолданатыны туралы әңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Фотосуретті компьютерде өңдейтін программаларды біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Фотосуреттерді өңдейтін программаны пайдалануды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту
«Бұлт үстіндегі саяхат» ойыны
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт ақырындап көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда, биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін ... (30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар ... Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.

Топтастыру:

Топтастыру: «Атомдар мен молекулалар» әдісі.
Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрлі-берлі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал жүргізуші «Молекулалар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с. Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады. Олар сабақты осы құрамда жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет