Ұзақмерзімді жоспар тарауы: 2-бөлім. Ойын құру (ортақ тақырыптары: «Уақыт», «Сәулет»)
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Шағын ойындар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл);
3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкермен жұмыс істеу;
3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көрініспен жұмыс істеу; 3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушы үшін: Қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастырады.
Оқушылардың көбі үшін: Программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлер және көріністермен жұмыс істейді.
Кейбір оқушылар үшін: Программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асырады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің ісәрекеті
Оқушының ісәрекеті
Бағалау
Ресурстар
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту «Көңіл күйді анықтау» ойыны Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл күйін келтіретін сурет немесе смайлик салады. Суретте олар адамның бет-әлпетін келтіруі керек, мәселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған бейтарап адам бейнеленуі керек. Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді. Оларға сабақтың соңына дейін көңіл күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады.
Немесе көңіл-күй табиғат құбылыстары арқылы көрсетуге болады: жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар жауып тұр т.с.с. Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды.
Топтастыру:
Топтастыру. «Социометрия» әдісі Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде түстеріне қарай 3 топқа бірігеді.
І топ: Ақ түс ІІ топ: Қызыл түс