Сабақтың соңы 7 мин.
Сабақты бекіту.
Рефлексия.
|
ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия
Жеке жұмыс. «Бес саусақ» әдісі
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің жұмыс дәптерлеріне саусақтарын қойып, саусақтарын айналдыра сызып, суретін салады. Дайын бес саусақтың әр саусағына интерактивті тақтадан көрсетілетін әр саусақтың өз мағынасына қарай жауаптарын жазады. Жазып болған соң, бес саусаққа жазылған жауаптарын оқиды.
Басбармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
|
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін, сұрақтарға жауап беру деңгейін «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!»
|