ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту:
Сұрақтар (сурет бойынша жауап береді)
Біздің ата-бабаларымыз кейде кірді суды жұмсарпай-ақ жуған. Сонда кірлері шайдай ашылған, себебі ...
Қазіргі кезде суды қайнатпай-ақ кір жууға болады, себебі ...
Шәйнектің ішіне қатқан қақты қалай кетіруге болады? (Пайдалы кеңестер беріледі)
Кір жуатын машиналардың ішіне қақ тұрып қалудан қалай алдын алуға болады?
Үйдегі жылыту құбырларының ішіне қақ тұрып қалудан қалай алдын алуға болады?
Пайдалы кеңестер
Шәйнектегі қақты кетіру 1. Шәйнек қағын оңай кетіру үшін күнделікті қолданып жүрген ас содасы мен лимон
қышқылын пайдалануға болады. Шәйнекке суды орталап құйып, оған 2-3 шай қасық
лимон қышқылын салып жақсылап 3-5 минут қайнатады. Бұдан соң шәйнекке қайта су
құйып 3-4 ас қасық ас содасын қосады. Қайнаған соң суды төгіп шәйнекті жуып алу
керек. Соңдай шәнектің ішінде қақ қалмай жарқырап шыға келеді.
2. Шәугімді тазалаудың басқа да түрлері бар. Ол құрамында лимон қышқылы бар «тазалағыш құралдардың» көмегімен жүзеге асады. «Тазалағыш құралдарға» Кока-кола, Спрайт сияқты сусындар жатады. Алдымен сусынның газын шығарып, шәугімнің жартысына дейін құйып, баяу отпен қайнату керек.
Достарыңызбен бөлісу: |