ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР №1 ФИЗИОЛОГИЯДАН ТЫНЫСАЛУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША Тақырыбы: «Тынысалу кезеңдері. Желдетіліс, диффузия, перфузия механизмдері. Сыртқы тынысалу көрсеткіштерінің физиологиялық зерттеу әдістері (спирометрия, спирография)»
ХАТТАМАНЫ РӘСІМДЕУ: Тапсырма №1. Кестені толтыру 1). Ауа жолы – бұл ауа тазаланып,жылынып,одан соң су буымен қанығып,өкпенің газ алмасу бөлігіне қарай өтетін түтікше ағзалар жүйесі.Ауа жолдарына мұрын,жұтқыншақтың ауа жүретін бөлігі,көмей,кеңірдек,ауа тамырлары мен ауатамыршалары,яғни бронхиолалар жатады.