Сабақ Сыныбы: 5 «А» Орындаған: Асылбекова Д. Ж: Құлсары қаласы, 2022-2023 о/ж



Дата26.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#87131
түріСабақ
Байланысты:
Мәншүк Мәметова


№7 Е.Халықоа атындағы жалпы орта білім беретін мектеп





Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына байланысты танымдық сабақ
Сыныбы: 5 «А»
Орындаған: Асылбекова Д.Ж:
Құлсары қаласы, 2022-2023 о/ж
Мәншүк Мәметова: қазақтан шыққан әйгілі пулеметші қыздың өмір жолы
Мәншүк Мәметова адамзат тарихына есімін қанмен жазып кеткен қазақтың қайсар қызы.
«Қазақ батыры» десек кез келген адамның көз алдына қасқыр секілді сұсты мінезді ержүрек, мықты, бүркіт сияқты қырағы жігіт елестейді. Бірақ соғыста әйел адамдардың да ерлік көрсеткенін білеміз. Солардың бірі батыр атағын арқалаған қазақтың нәзік пулеметші қызы Мәншүк Мәметова. Ол Кеңес Одағының батығы атағын алған алғашқы қазақ қызы. Ал Мәметованың өмірі көз алдыңа ерлік пен махаббатқа толы шығыс поэмасын елестетеді.


Видеоролик: https://youtu.be/w63A1B8rdcI

Мәншүктің ата-анасы азан қойып берген есімі – Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Осылайша, анасы еркелетіп атаған «Моншағы» Мәнсия да емес, Моншақ та емес Мәншүк аталып кетті. Кейіннен құжат толтырғанда да, ол есімін Мәншүк деп толтыра бастапты. Соғыс майданында да осы аяулы есімін асқақтатып, тарихқа Батыр Мәншүк деген есіммен енеді. Ол 1922 жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келді. Мәнсияның балалық шағы Қазақ КСР-да, Жасқұс деп аталатын ауылда өтті. Отбасы нашар жағдайда өмір сүрді. Әкесі – Жиенғали қоймада күзетші ретінде жұмыс істеді, ал анасы – Тойшылша бала тәрбиесімен айналысты.


1927 жылы Мәншүктің ата-анасы тұрған ауылға Саратовтан туыстары қыдырып келеді. Ол ағасы Қанаттың үйіне келген жас отбасы Ахмет пен Әмина Мәметовтер еді. Екеуі де университет бітірген, білімді адамдар.
Осылайша, Ахмет мен әйелі Әмина үш жасар Мәншүкті бауырына басады. Ахмет қазақтан шыққан алғашты дәрігерлердің бірі болса, әйелі Әмина әдебиет пәнінің мұғалімі, кейін Алматыдағы мектептердің бірінде әдіскер болып жұмыс істейді.
Енді Ахметтің қызы атанған Мәншүктің өмірі Алматыда жалғасады. 1931-1938 жылдары ол Алматыдағы №28 мектепте білім алады. Дәл осы уақытта Мәншүктің туған анасы және 2 жылдан кейін туған әкесі қайтыс болып кетеді.
1938 жылы дәрігер болып қызмет етіп жүрген Мәншүктің әкесі Ахмет Мәметовқа «халық жауы» деген жаза жабылады. Осындай нақақ жаламен абақтыға қамалған Ахмет сол жылы ату жазасына кесіледі. Бұл оқиға әкесін қатты жақсы көріп, еліктеп өскен қыздың жүрегіне өшпейтін қара дақ болып жағылады. Кішкентайынан әкесі секілді дәрігер болуды армандаған Мәншүк басынан осындай қиындық өткенген кейін жұмысшы факультетіне оқуға түседі.
Бірақ, Мәншүк соғысқа дейінгі жылдарда өте көп қиындық көрді. Бұл кезде нақақ жаламен атылған Ахметтің әйелі Әминаның да басқан ізі аңдулы болды. Одан жиі жауап алынып, жесірді халық жауының әйелі ретінде көрді. Содан Мәншүк институттағы оқуын тастап, үкіметтің басқарма істерінде хатшы болып жұмысқа тұрады.
Өзі жалғыз қалған Мәншүк 1940 жылы ауылдағы туыстарына ауыр жағдайын айтып, материалдық көмек сұрап хат жазады. Бірақ, қаршадай қыздың бұл хаты жауапсыз қалады.
1941 жылдың басында Мәншүк өзін асырап алған апайы Әминаның үйін тастап, жатақханаға көшіп кетеді. Және осы жылы соғыс та басталып кетеді. Алдағы болашаққа деген жоспар бәрі кейінге қалды. Ол кезде Мәншүк небәрі 18 жасқа толған болатын. Ол бір жылға жуық майданға өз еркімен баруға өтініш білдіріп, әскери комиссариаттың табалдырығын тоздырумен болады.
Қазақтың қайсар қызы майданға алу туралы өтінішінде: «Мен Мәметова Мәншүк, 1922 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам қазіргі уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетін оқып бітіргенмін, қазір Халкомкеңесте халық комиссарлары кеңесі төрағасы
орынбасарының жеке хатшысы болып қызмет етемін. Өмірбаяным жөнінен қысқаша мағлұмат бере отырып, Сізден ағаларыммен және апаларыммен (қарулас) бірге фашист-қарақшыларды талқандап құрту үшін мені майданға жіберуіңізді сұрағым келеді, өйткені майданға баратындай ағайым да, апайым да (отбасым да) жоқ, сол себептен де өзім сұранамын. Өтінішімді қанағаттандыруыңызды сұраймын. 1939 жылдан комсомол мүшесі.27.08.1941ж.(М.Мәмеова)» деген.
Ол кезде Кеңес билігі әйелдерді әскерге алу туралы жарлық шығармаған еді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыда құрылған жасақпен соғыс алаңына аттанады. Ол 100-атқыштар бригадасы еді.
1942 жылдың жаз айында Алматыдан аттанған бригаданың құрамында 4890 жауыңгер болса, оның арасында 2 қазақ қызы болды. Ол дәрігер Мәриәм Сарлыбаева мен Мәншүк Мәметова еді.
Мәншүк 1942 жылдың қарлы қысында Великие Луки қаласын жау қолынан азат етуге тікелей қатыса жүріп, ұрыс алаңында санитар нұсқаушы болып шайқасты. Кішкентай кезінде әкесі Ахметке еліктеп дәрігер болуды арман еткен ол медициналық институттың бірінші курсын тәмамдап үлгерген болатын. Ақыры, қан майданда жауынгерлерге көмек көрсетіп, Қайырымды солдат атанды.
1943 жылдың қарсаңында Великие Луки қаласы жау қолынан азат етіліп, арасында Мәншүк бар Ушаков батальоны Бурцево деревнясын қорғауға аттанады. Мәншүк бұл ұрыста ерекше ерлік көрсетті. Бурцево деревнясы төрт рет қолдан-қолға өтіп, шайқас одан сайын қыза түсті. Сонда жаралы жауынгерлерді жау оғынан қорғап, тасып жүрген қазақ қызы сол күні фашистерге пулеметпен оқ жаудырады. Ол көз алдында қаза болған пулеметшінің «Максим» пулеметін алып, қатарласып келе жатқан фашистерді дәл көздейді.
Ақыры, өжет қыздың бұл ерілігі оны пулеметші боламын деген арманына жеткізді. 1943 жылы командир Мәншүктің өтінішін орындап, алдыңғы шепке алады. Сөйтіп, Мәншүк пулеметшілер батальонына алынады. Тіпті, бөлім командиріне дейін көтеріліп, сержант атағын алды.
Қайтпас қайсар қазақтың Мәншүгі өзінің «Максим» пулеметімен жүздеген немісті жалғыз өзі қырды. Немістер мерген қыздың қаһарлы пулеметінің көзін құртуға барын салды. Бірақ, жалғыз өзі қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып, өшпес ерлік көрсеткен батыр қыз сол күні, 1943 жылдың 15 қазанында ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты. Ал, даңқты батыр қаза тапқаннан кейін 6 ай өткен соң оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының бұйрығымен 1944 жылы 1 наурызда Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Мәншүк
Мәметова


«Сұхбат» әдісі.

Шығыс қыздарының арасынан бірінші болып Батыр атағын алған әйгілі пулеметші бүгінде қазақ халқының ғана емес, бүкіл Азия жұртының мақтанышы. Даңқты пулеметші, қазақтың батыр қызының есімі халық жүрегінде мәңгілік қала бермек.




Кері байланыс «Бір сөзбен» әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет