Сабақ су-джок терапиясы тақырыбы: «Мен сияқты жаса»



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі52,11 Kb.
#92372
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ашык сабак

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау
2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру
Шаттық шеңбері:
Алақай, балақай,
Дөңгеленіп тұрайық.
Қол бұлғап, ән салып,
Ойын ойнайық.
Соқшы, қане, алақанды,
Би билеші балапандай.
Біз тыңдайық, қол бұлғайық,
Салем, айтайық.

Сәлемдеседі


Қайталайды



ІІ. Мақсаттылық

Екі қолдың ұсақ қимылын жетілдіру, ұсақ заттарға қол тигізіп, ұстауда үлкен бармақтың жағдайын белсендіру. Нұсқауды орындауға тәрбиелеу.




ІІІ. Ынталандыру

Дидактикалық ойындар, суреттер, презентация, тактильдық кілемшелер, су-джок доп, су-джок сақиналар.




ІҮ. Коммуникативтік

Сабаққа зейін қою

Педагогты тыңдау

Ү. Мазмұндық

1 - тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Доптар» (Су-джокпен таныстыру)
Мақсаты: Баланы түстерді ажыратуға үйрету.

  • Жарайсың, балақай! Ойынымызды әрмен қарай жалғастырайық.



2 – тапсырма:
Ертегі : «Кірпі» (су-джок доппен)
Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын дамыту.
Шарты:

  • Балалар, ертегі бойынша біз сиқырлы доппен жаттығулар жасаймыз.

  • Ерте-ерте ертеде орманда әдемі үйшікте кішкентай ғана кірпі өмір сүріпті. (Су-джок доп алақанда)

Кірпі өз үйінен шығып, күн шуағына қуана қарап, қыдыруға шығыпты.
(Су-джок допты көрсету, қуану, алақанды ашу)
Тура жолмен жүріп, әдемі бір алқапты көріпті, кірпі қуанып жүгірді, секіріп ойнады, гүлдерді иіскеді. (Су-джок допты түзу домалату)
Бір кезде бұлт түнеріп, жаңбыр жауа бастады: тырс-тырс-тырс. ( Су-джок допты алақанмен қысу)
Кірпі жаңбырдан қорғанып, саңырауқұлақтың астына тығылды. (Су-джок допты сол алақанмен тығу)
Жаңбыр аяқталған соң түрлі көп саңырауқұлақтар шықты: бір саңырауқұлақ,
екі саңырауқұлақ, үш саңырауқұлақ, төрт саңырауқұлақ, бес саңырауқұлақ.
(Су-джок доппен әр саусаққа домалату)
Кірпі саңырауқұлақтарды анасына апарып, қуантқысы келді.

  • Қалай?

Түрлі саңырауқұлақтарды кірпі инесіне мықтап түйреп алды да, қуанып үйіне қарай жүгірді. (Су-джок доппен әр саусақты тигізу)
Кірпі тура жолдан жүгірді, айналма жолдан жүгірді. (Су-джок доппен түзу домалату, айналып домалату)
Кірпі үйіне келіп саңырауқұлақтарды анасына берді.
- Кеш болды.
- Кірпі көзін жұмды да үйықтап қалды. (Су-джок доп алақанда)
- Жарайсың, балақай.

Педагогты тыңдау

Тапсырманы орындайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет