Сабақ тақырыбы : Дыбысты енгізі және шығару



Дата07.01.2022
өлшемі23,85 Kb.
#18615
түріСабақ
Байланысты:
42 сабақ


Сабақ тақырыбы : Дыбысты енгізі және шығару
Кеңістіктік  компьютерлік  графика  үшөлшемді  деп  немесе 3D-графика  деп  аталып  жүр. 
Компьютерлік 3D-графика үшөлшемді виртуальды модельдер (телевизиялық қыстырмалар мен 
жарнамалар,  спецэффектілер,  киноматографиядағы  кейіпкерлер    және  т.б.)  құрылған 
объектілер. 
Көлемді 
графиканы 
мультимедиалық 
компьютерлерді 
қолданушылар, 
компьютерлік  ойындар  мен  мультимедиалық  қолданбалы  бағдарлама. 3D-жеделдеткіш 
үшөлшемді  объектілерге  негіз  құруға  және  кез-келген  уақытта  оны  әрбір  көрініс  нүктесінен 
(жоғарыдан,  жанына,  қырынан)  көрсетуге  дайын  болуы  тиіс. 3D-жеделдеткіш  өте  бағалы, 
таптырмайтын  болып  табылатын  үшінші  аймақ – ойындық  спецэффектілер:  тұман,  алау, 
жарылыстар,  судағы  немес  айнадағы  көрініс,  көлеңкелер  және  т.б.  «Мультимедия» 
компьютерлік терминін «көптеген тасымалдаушылар» деп аударуға болады, яғни мультимедиа 
ақпаратты  (дыбыс,  графика,  анимация  және  т.б.)  сақтаудың  және  көрсетудің  көптеген 
амалдары  дегенді  білдіреді.  Мультимедиалық  бағдарламалар  сөйлейтін  энциклопедиядан 

81 
 


бастап,  бейнеклиптік  мәліметтер  базасын  жасау  жұмыстарын  толық  қамти  алады. 
Мультимедианың  бағдарламалық  жағы  қолданбалы  бағдарлама  және  мамандандырылған 
бағдарлама деп бөлінеді. Қолданбалы бағдарламаны пайдаланушының қолданбалы мәселелерді 
шешуге  арналған  бағдарламасы,  жұмыс  істеуші  адамның  нақты  тапсырмасын  орындайтын 
дестелік файлдағы бағдарлама десек, мамандандырылған бағдарлама нақты есепті шығару үшін 
қолданылатын  бағдарлама.  Мамандандырылған  бағдарлама - ол  мультимедиалық 
бағдарламалар, компьютерлік ойындар. Олар мультимедиалық технология  жоғары графикалық 
кескін, анимация, музыкалық және дыбыстық сүйемелді пайдаланатын танымал, кең таралған 
бағдарламалық  өнім [1]. Мультимедиа–ақпарат  мәтін,  графика    дәстүрлі  статистикалық 
элементтермен қатар, бейне, аудио және анимациялық тізбектер  динамикалық элементтерді де 
қамтиды. 
Қозғалыссыз көріністер - бұл векторлық графика және растрлық картиналар. Адам көбіне 
95
  пайызға  жуық  ақпаратты  сырттан  визуальды  көрініс  түрінде,  яғни  “графиктік”  түрде 
қабылдайды.  Мұндай  ақпараттарды  табиғатта  қабылдау  көрнекі  де,  жеңіл,  мәтіндік  түрдегі 
ақпаратты қабылдау ауырырақ.  
Қолданыстағы  байланыс  каналдарының  өткізу  мүмкіндігі  төмен,  сондықтан  графиктік 
файлдарды  өткізу  едәуір  уақыт  керек.  Содықтан  деректерді  сығу  технологиясын  қолдану 
қажет.  Оптимизация  (сығу) 
  графиктік  ақпаратты  тиімдірек  тәсілмен  көрсету,  яғни 
деректердің  көлемін азайту. Графикалық ақпараттарды сығудың  түрлі көптеген тәсілдер бар. 
Міндетті  емес  деректердің  болуы,  жоғалтуды (“JPEG жоғалтуды  қамтитын  сызу”)  қамтып 
кодалау  тәсілін  қолдануға  негізделген.  Мысалы,  адам  кездейсоқ  өз  көзімен  көрген  суреттің 
дәлдігін,  дәл  сипаттап  айтып  беру  немесе  суреттеу  арқылы  дәл  ақпарат  алу  мүмкін  емес, 
сондықтан жоғарғы түстік мүмкіндікті көрсететін деректер болмауы да мүмкін. Бұл теория, ал 
практикада:  Интернетте  жариялауға  арналған  графиканы  алдын-ала  оптимазациялап,  көлемін 
сығу қажет.  
Бейне  және  анимация - цифрлық  бейнесигналдармен  жұмыс  кезінде    ақпараттың  үлкен 
көлемін өңдеп, сақтау қажеттілігі туындайды, мысалы, SIF мүмкіндікті  (VHS сәйкес) және true 
color (миллион  түстер)  түстік  берілісті  қамтитын  цифрлық  бейнесигналдардың  бір  минуты 
)
358
*
288
(
 пиксельді 
Мб
с
сх
кадр
бит
442
60
/
25
*
24

орынды  алады,  яғни  қазіргі  кездегі 
ДК-де  қолданылатын  компактдиск (CD
ROM, 
Мб
650
тай)  немесе  қатты  диск  (бірнеше 
гигабайт)  сияқты  тасымалдағыштарды  уақыт  бойынша  толық  бейнелерді  жазу  мүмкін  емес. 
MPEG 
 сығу көмегімен бейнеақпараттар көлемін азайтуға болады. 
Дыбыс - цифрлық жазу, редакциялау, дыбыстық деректердің толқындық формаларымен 
жұмыс (WAVE), сондай
ақ  цифрлық  музыканы  фондық  айналу  қазіргі  кезде  мүмкін. MIDI 
порты арқылы жұмыс қарастырылған. Конвертор аудио деректерді WAVE, PCM, AIFF (Apple 
ауди файлдар форматы) форматтары арасында түрлендіру жүргізе алады. Соңғы уақытта Mp3 
форматы  кеңінен  танымал.  Оның  негізіне  адамның  құлақпен  қабылдау  ерекшелігі 
(“псевдоаккустикалық” модульге берілетін) белгіленген (MPEG-1 Layer III). 
WAV – дыбыстық файл, MPEG-1 Layer III форматына түрленген, ағындық жылдамдығы 
(bitrate) 128 Кбайт/сек – винчестерде 10 – 12 есеге  аз  орын  алады. 100 – мегабайтты ZIP – 
дискеталарда  бір  жарым  сағаттық  дыбыстық  ойнау,  компакт - дискіде – 10 сағатқа  жуық 
дыбыстық ойнау орналасады. 256 Кбайт/сек жылдамдықты кодалау кезінде компакт – дискіге 6 
сағаттық музыка жазуға болады. Мәтін Microsoft басшылығында мәтіннің үлкен көлемін енгізу 
және  өңдеу  жабдықтарына  ерекше  көңіл  бөлінген.  Мәтіндік  құжаттарды  түрлі  сақтау 
форматтарының  арасында  түрлендіру  бағдарламалары  мен  әдістері  ұсынылған:  құжаттар 
құрылымдары,  мәтіндік  процестердің  басқарушы  кодалары,  сілтемелер,  гипербайланыстар 
(бастапқы  мәтінге  тән)  және  т.б.  ескеріледі.  Сканерленген  мәтінмен  жұмыс  мүмкіндігі 
қамтылып, символдарды оптикалық танып – білу жабдықтарын қолдану қарастырылған.   
Компьютерде  цифрлық  бейнелеуді  ұйымдастыру.  Мультимедиа - өнімінің  барлық 
мәтіндік  фрагменттерін  тұтас  гипермәтіндік  құрылымға  біріктіру.  Гипермәтінге,  қысқаша 
түрде  оны  қиылыспалы  сілтемелермен  байланыстырылған,  мәтіндік  ақпараттар  массиві  деп 
анықтама беруге болады. Қажетті ақпаратты іздеудің қарапайым тәсілі индекстік іздеу болып 
табылады. Барлық деректер белгілі бір принцип бойынша жинақталып,  сұрыпталып, реттелген 
болуы  керек.  Бұған  кітапханадағы  алфавит  бойынша  немесе  тақырыптың  принциптері 

82 
 


бойынша  ұйымдастырылған  кітаптар  каталогы мысал  болады. Бұл  жағдайда  іздеу  ақпараттық 
бұтақ бойынша қажеттіні тапқанға дейін жүреді.  
Ақпаратты  өңдеу  жүйесінің  көзтұрғысынан  қарағанда,  гипермәтін – бұл  жүйе, 
қарастырылатын  салалық  деректерін  көрсетудің  қалыптасқан  моделін  талап  етпейді.  Оның 
орнына  ақпарат  фрагменттерінің  арасындағы  сематикалық  (мағыналы)  байланыста  қолда-
нылады,  оның  формалды  сипаттамасы  болмайды,  дегенмен  осы  байланыстардың  негізінде 
ақпараттарды қарауға, талдауға, жаңа фрагменттер құруға болады.  
Гипермәтіндік  тәсілдің  дамуы  гипермедиа  ортасы  болып  табылады,  ондағы  сілтемелер: 
сурет, дыбыс, бейне және табы басқа мультимедиа  - компоненттердің түрлі типтерін қамтиды. 
Маңызды    сипаттамасы:  биттер  санымен  анықталатын  түстік  мүмкіндігі,  әр  пиксельдің  түсін 
кодалау  үшін  қолданады  (оны  биттік  жазық  саны  деп  те    атайды).  Файлда  биттік  жазық 
неғұрлым көп болса, оны сақтау үшін дискіде соғұрлым көп орын талап етіледі. 
Екіөлшемді  анимация  кадрлық  анимация  бойынша  дәстүрлі  тәсілді  қолданады.  Кей 
жағдайларда  твининг  қолданылады, (tweening)  - аралық  кадрларды  автоматты  генерациялау. 
Сондай-ақ  морфинг,  көріністі  сығу,  түрлі  оптикалық  эффектілер  мен  циклдық  түрде  өзгеріп 
отыратын түстер қолданылады. 
Үшөлшемді  анимация  қуыршақ  технологиясын  еске  салады:  объектілер  каркасын  құру, 
материалдарды анықтау, бір сценаға (сахнаға) жинақтау, жарықты және камераны орнату сонан 
соң фильмдердегі кадрлар санын беріп, қозғалысқа келтіруге болады.  
Қазіргі  уақытта  бейненің  екі    түрі  бар:  аналогты  және  цифрлық.  Цифрлық 
бейнефайлдардың  көлемін  кішірейту  үшін  деректерді  сығу  тәсілі  қолданылады,  ол  бейне 
сигналдағы  ұқсас  деректерді  топтау,  орташа  деңгейге  жеткізу,  алып  тастаудың  математиалық 
алгоритмдеріне  негізделген.  Сығудың  түрлі  алгоритмдері  бар: Compact Video, Indeo Motion – 
JPEG, MPEG, Cinepak, Sorenson Video. 
Мультимедиа  жүйені  құру  үшін  қосымша  техникалық  қолдау  қажет:  аналогты  аудио 
және  бейне сигналдарды цифрлық эквивалентке немесе кері аудару үшін цифлық – аналогтық 
түрлендіргіштер,  қарапайым    телевизиондық  сигналдарды  дисплейдің  электронды  сәулелік 
трубкасына қабылданатындай түрге түрлендіруге арналған бейне процессорлар, телевизиондық 
стандарттарды түрлендіруге арналған декодерлер және т.б.  
Дыбысқа жауап беретін барлық жабдықтар дыбыстық картаға, ал бейнеге жауап беретін 
жабдықтар бейне карталарға біріктіріледі. 
Дыбыстық карталар. 
IBM  біріккен  компьютерлерінің  дыбыстық  карталары  үшін  мынандай  тенденция 
анықталады. 
  Біріншіден,  дыбысты  шығару  үшін  жиілікті  модуляцияның (FM) орнына  көбіне 
кестелік (wavetable) немесе WT синтез  қолданылады,  осы  жолмен  алынған  сигнал 
инструменттің өзінен шығатын дыбысқа көбірек ұқсайды, FM синтезде мұндай  мүмкіндік аз.  
  Екіншіден, дыбыстық карталардың бірігуі.  
  Үшіншіден,  қазіргі  кезде  дыбыстық  карталар  компоненттерінің  бірі  сигналдық 
процессорлар DSP (Digital Signal Processor), оның мүмкіндіктері: сөзді танып білу, үшөлшемді 
дыбыс шығару, TW синтез, аудиосигналдарды сығу және декомперессиялау. 
  Төртіншіден,  жүйелік  платада  дыбыстық  карта  функцияларын  интеграциялаудың 
қалыпты тенденциясы. 
  Бесіншіден,  дыбыс  табиғилығын  жоғарылату  үшін  өндіруші  фирмалардың  көлемді 
немесе үшөлшемді (30) дыбыс шығару технологияларын қолдануы. 
  Алтыншыдан, CD-ROM приводтарын қосу.  
  Жетіншіден,  карталарда DualDMA режимінің,  яғни  жадыға    қосарланған  тікелей 
қатынас құру режимін қолдануы.  
Дыбыстық  қатарлар 90% - да, көбіне    ойын үшін  алынады, қалған 10%-н   мультимедиа  
бағдарламаларда  қолдану  үшін  алынады.  Дыбысты  енгізу,  шығару  құрылғыларының  ең 
бастысы аудиоадаптер. Оған: кірістер-сызықтық  кіріс, микрофонды кіріс, CD ROM-ға арналған 
кіріс,  сигналдарды  микширлеуге  арналған  тәуелсіз  кіріс; MIDI-сигналдар  үшін  кіріс  және 
шығыс; қалыпқа келтіруші кіріс күшейткіштері-сигналдарды кіріс араластырушылары-микшер; 
аналогты  кіріс  дыбыстық  сигналдарды  цифрлық  кодтарға  түрлендіруші  аналогты-цифрлық 
түленгіштер  (АЦТ);  арнайы  дыбыстық  эффектілерді  (көлемді  дыбыс,  жаңғырық  және  т.б.) 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет