Сабақ Тақырыбы: 1 сабақ: Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы



бет2/3
Дата31.12.2021
өлшемі19,35 Kb.
#23505
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ОК10

Түйінді идеялар:

Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады. Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. Болашақты болжауға болмайды, бірақ оның қалыптасу белсенділігі қазірден басталады жәнеқазіргі кезде не істеліп жатса да, жастардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сондықтан мұғалім оқу қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, белгілі бір педагогикалық амалдарды таңдап, жастарға өз әлеуеттерін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесуге тиіс. Біз оқушылардың әртүрлі себептермен: кейде зеріккендіктен, ауыр жұмыстан жалтару мақ

сатында, сыныптағы шудан қажыған себепті немесе дер кезінде мұғалімнің көмегін ала алмай қалған жағдайда, не кезекті тапсыр

мадан гөрі қоғамдық өмір қиындықтары жайлы әңгіме мен ойлардың оған маңыздырақ болуы және тағы басқа да жайттар орын алғанда сабақтың білім беру үдерісінен «тыс қалатынын» жақсы білеміз.

Аталған мәселелер – оқыту мен оқуда күнделікті кездесіп отыратын проблемалар, бірақ оларға көңіл бөлмей, назардан тыс қалды

ратын болса, онда оқушылар бұл мәселелерді күнделікті мектеп өмірінде кездесетін қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін,осы

ның нәтижесінде белгілі бір уақыт өткеннен кейін олардың алдында мектепке және оқуға қызығушылығы бәсеңдеген проблема туындайды. Қажетті қызығушылыққа қол жеткізу жолдары – кездесетін қиындықтарға, сынақтарға дайын болу және сынып жұмыстары мен мектептегі әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуын ұйымдастыру, сонымен бірге жұмысқа икемделген сыныптас

тарының қолдауына да байланысты. Ал мұғалімнің адамгершілігі мен кәсіби сапасы үздік нәтижеге жету мүмкіндігін еселей түседі. Жас адамдардың бүгінгі және ертеңгі әлемдегі жастар рөлінің маңызы туралы ақпаратты айтудағы және оны тыңдау құқы

ғын иеленудегі артып келе жатқан қажеттілігін түсіну күн асқан сайын барынша қолдау табуда. Бала құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында (1989) төрт негізгі қағидаттардың бірі балалардың өздерін тыңдату құқығы деп аталды. Аталған идея азаматтың үздіксіз оқу үдерісіндегі құқықтары мен міндеттері жөніндегі оқу бағдарламасының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Маңызы жағынан оқушыларды қалай тыңдау қажет және оларды оқуға қалай үйрету қажет деген мәселе мұғалімдер үшін қалай оқыту және қалай оқу проблемасімен тең проблема болып табыла ма?








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет