Пәнаралық байланыстар:
4. Сабақтың барысы:
Жоспар:
30 жылдары дүниежүзілік соғысты өршітуге айрықша қадамдар жасалды. 1936 жылдан бастап Германия Еуропа мемлекеттеріне қарсы тікелей жаңа басқыншылық жолға түсті. Жапония Қиыр Шығыста жеке билік ету үстемдігін жақтап, Ұлы Азия бірлігін орнатуды аңсады. Бұл жоспарды іске асырудың бастамасы 1931 жыл Маньчжурияны басып алып, Қиыр Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарын қан қақсатты. Сөйтіп, Қиыр Шығыста алғашқы соғыс ошағы тұтанды.
Жапония 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрып, оны өз қамқорлығына алды. Жапонияның Қытайдағы табыстары көп елдерге ұнамады. Бұл Ұлттар Лигасында әшкереленді. Сондықтан Жапония 1933 жылы ол ұйымнан шығып кетті. 1939 жылы Жапон әскерлері Моңғолияға шабуыл жасады. Бірақ біріккен Моңғол-Кеңес қарулы күштерінен қатты соққыға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды.
1940 жылы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия «Үштік пакт» аталған соғыс одағын құрды.
Коммунистік Интернационал өкілдерінің көмегімен 1921 жылы шілдеде Шанхайда Қытай коммунистік партиясының бірінші сьезі шақырылып, партияның жарғысы қабылданды, басқару органдары сайланды.
1925 жылы наурызда Сунь Ятсен қайтыс болғаннан кейін Гоминдань басшылығына ұлттық буржуазияның өкілі генерал Чан Кайши келді.
Моңғолияда орыс большевиктері мен Коминтерннің қолдауы негізінде Сухэ-Батор 1921 жылы наурызда Монғол халық партиясын ұйымдастырды.
1924 жылы ақырғы боғдыхан дүниеден қайтты. Осы жылдың қараша айында конституция қабылданып, Моңғол Халық Республикасы құрылғаны жарияланды.
Моңғолия жаппай сауатсыз ел болды. Лама діні моңғол қоғамында шексіз үстемдік етті. 1918 жылы моңғол халқының жалпы саны 647 мыңдай ғана болды. 120 мыңнан астам жігіт үйленбеуге, балалы болмауға ант беретін ламалар болды. 1929 жылғы қаңтарда ірі феодалдық топтардың мал-мүлкін тәркілеу туралы заң қабылдады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қала тұрғындарының саны ірі қалалардың болуына қарамастан, халықтың 10-20% -ынан аспады.
Индонезия аралдары Голландияның ең маңызды отарларының бірі еді. Оны шексіз билігі бар генерал-губернатор басқарды. Отаршылдық үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясаты ірі шетелдік капиталға есік ашып, бұл елдерді француз капиталистерінің ауыл шаруашылығы және шикізаттық қорына айналдыру еді.
Француз капиталы тау-кен ісіне, өңдеуші өндіріс орындарын дамытуға жұмсалды. Француз отаршылдарынң дағдарыс жылдарындағы дәрменсіздігі Үндіқытай халқының ашу-ызасын күшейтіп, азаттық қозғалыстарының басталуына түрткі болды.
Коммунистердің сәтсіздікке ұшырауынан кейін антиимпериалистік күрестің басшылығына ұсақ буржуазиялық-демократиялық бағыттағы күштер және оның көрнекті жас өкілі Ахмед Сукарно келді.
Ахмед Сукарноның философиялық көзқарасы пісіп-жетілуіне Сунь Ятсеннің және голландия социалистерінің ілімдері өз әсерін тигізді.
Буржуазиялық партиялар Индонезияның тәуелсіздігін жақтап, осы талапты іске асыру үшін көптеген саяси ұйымдардың әрекетін біріктірмекші болды. 1937 жылы буржуазиялық ұйымдардың солшыл қанаты Гериндо (Индонезия халқының қимылы) атты партия ұйымдастырды.
ХХ ғасырдың басындағы Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыс жандана түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Үнді Ұлттық Конгресі партиясының басшылығына Б.Г.Тилак бастаған солшыл топ күшейіп, сварадж және свадеши (өзінді өнім шығару) қозғалыстарына халық бұқарасы кеңінен қатыса бастады.
1916 жылы елге М.Ганди оралып, бұл жағдай ұлт азаттық қозғалысын өрістете түсті. Ганди Үндістан дәстүрлеріне сүйеніп күш қолданбай қарсыласуды таңдады. Сатьяграха – ақиақаттағы батылдық тәсілін ол халық бұқарасы қолданатын негізгі қаруға айналдырды.
1917 жылдың басында Иран аумағын үш елдің басқыншылары бөлісіп, басып алды. Оңтүстігінде – ағылшындар, батысында – немістер, ал солтүстігінде орыс әскерлері орналасты.
1920 жылы 5 маусымда Иранда Гилян Республикасы жарияланды. Оның төрағалық қызметіне Көшек хан шақырылды.
1919 жылы 21 ақпанда үкімет басына «Жас ауғандықтар» ұйымының өкілі – жас әмір Аманулла келіп, Ауғаныстанның тәуелсіздігін жариялады.
1918-1923 жылдардағы М.Кемал бастаған революция Түркияда сұлтан билігін біржолата жойды. 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы жарияланды. Республиканың бірінші президенті болып М.Кемал паша сайланды.1923 жылы 13 қазанда мемлекеттің астанасы Анкараға көшірілді. 1924 жылы 3 наурызда халифат жойылып, халиф әулеті елден қуылды. 1934 жылы мәжіліс фамилия енгізу заңын жариялады. Сол жылы 24 қарашада Түркияның Ұлы халық жиналысы М.Кемалға Ататүрік (түріктердің атасы) деген фамилия берді. 1932 жылы Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына қабылданды.
1930 жылдардың соңында Түркия Республикасы Балкан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция және Германиямен саяси-экономикалық қатынастарын жақсартып, өзінің халықаралық беделін күшейтті. Түріктердің ықпалы Ливияда ғана ХХ ғасырдың басына дейін сақталып тұрды.
Бальфур декларациясына сәйкес, еврей ұйымдары араб помещиктерінің жерін сатып алып, өз қандастарын қоныстандыра бастады. Сөйтіп еврейлердің саны ұлғайды.
Ағылшындарға қараған Палестина жерінде де ереуілдер мен қарулы көтерілістер тоқтаусыз жүріп жатты. Оған қатысқан қала тұрғындары, феллахтар тәуелсіздікті қалады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде-ақ араб халықтарының отаршылдарға қарсы қозғалыстары басталды. Соның бірі – Египетте, екіншісі Мароккода өтті. Бұған дейін Франция Испаниямен бақталас болып, арабтарға қару-жарақ сатып келсе, 1924 жылы бұл екі ел бірігіп, 300 мың әскер күшімен Мароккодағы ұлт-азаттық қозғалысты тұншықтырды.
1909-1910 жылдары Оңтүстік Африкадағы отарларына Англия өзін-өзі билеу құқығын беріп, Оңтүстік Африка одағы құрылған болатын. Ол осы құрлықтағы бірінші доминион болып шықты.
1922 жылы Генуя қаласында экономикалық қатынастарды жандандыру мақсатындағы Халықаралық конференция нәтижесіз аяқталды.
Еуропадағы қарыз және құн төлеу мәселесі «Дауэс жоспарына» тірелді. Жоспардың негізгі міндеті Германия экономикасын қалпына келтіру үшін оған қарыз беру еді.
1923 жылы Германия жағы соғыс шығындарын өтеу тәртібін бұзды деген сылтауға сүйеніп, француздар мен Бельгия басшылары Рур облысын басып алды.
1925 жылы Ұлттар Лигасы қарусыздандыру мәселесін талқылау үшін халықаралық конференция шақыруға дайындық жұмыстарын бастады. Бірақ көп жылға созылған дайындық жұмыстары аяқсыз қалды.
Германия мен Италия арасында Берлин-Рим белдігін құру келісіміне қол қойылған соң, 1936 жылы 25 қарашада Германия мен Жапония арасында Коммунистік Иннтернационалға қарсы әскери-саяси одақ (Антикоминтерндік пакт) жасалды.
1938 жылы 30 қыркүйекте Мюнхенде Гитлер, Муссолини,Чемберлен мен Даладье бас қосқан кеңес өтті. Кеңесте Чехословакины бөлшектеу туралы ресми келісім жасалды. Чехословакия кеңеске шақырылмады. Англия мен Франция басшылары Чехословакия президенті Бенешке Гитлердің талабын орындау туралы шарт қойды.
Батыс елдерінің жалтақтығы салдарынан КРО-ның оқшауланып қалу қаупі туды. Дәл осы кезде Германия Кеңес үкіметін 10 жылдық мерзімге шабуыл жасаспау туралы пактіге келісуге шақырды. КСРО үкіметі ол ұсынысқа келісіп, 1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде КСРО мен Германия шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойды. Бұл шарттың құпия хаттамасы Шығыс Еуропа елдерін ықпалды аймақтарға бөлісу шартын тіркеді. КСРО-ның ықпалды аймақтары ретінде Финляндия, Латвия, Эстония, Бессарабия өңірлері аталды. КСРО үкіметі Литва Германияның ықпалды аймағы екенін мойындады. Екі ел Польшаны бөлісуге келісті.
1939 жылы 23 тамыздағы Кеңес – Герман келісімі Риббентроп – Молотов пактісі деп аталды. Осы құжат КСРО саясатына аса қатты зиян әкелгені белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |