Магнит өрісін магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер тудырады;
Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған;
Магнит өрісі құйынды өріс (күш сызықтары тұйықталған өріс).
Біз магнит өрісінің тұрақты магниттер айналасында болатынын білдік. Енді магнит өрісінің негізгі қасиеттерінде айтылғандай тогы бар өткізгіш айналасында да магнит өрісі болады екен. Оны сендер арнайы берілген суреттегі тапсырмаға сүйене отырып үйден орындайсыңдар. Тәжірибе бойынша өз ойларыңша қорытынды жасайсыңдар.
Мұғалім үшін нұсқаулық Зертханалық жұмыс. Тұрақты магниттің қасиеттерін зерттеу және магнит өрістерінің кескінін алу Жұмыстың мақсаты: тұрақты магниттің полюстерімен танысу және әр түрлі магниттің төңірегінде магнит өрісінің қандай сызықтарын түзетінін көрсету.
Құрал-жабдықтар: әр түрлі магниттер (жолақ, таға тәрізді және дөңгелек), темір ұнтақтары, қағаз парағы.
Жұмыстың барысы:
Темір ұнтағын қағаз стақанға салып, оның ішінде магнитті енгізіңдер;
Магнитті шығарып алып, магниттің әр жеріне темір ұнтақтарының қалай тартылғанына назар аударыңдар;
Үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оған жұқалап металл ұнтағын себіңдер;
Темір ұнтақтарының орналасуының суретін салыңдар
Магниттің полюстерін анықтаңдар.(магнит тілшесін немесе компасты пайдалануға болады)Төмендегі суреттегі ақ түсті бос орындарға магнитің екі полюсін белгіле.
Екі жолақ магниттердің аттас полюстерін жақындатыңдар. Бақылағандарыңды түсіндір;
Жауап: Полюстердің ортаңғы кішкене бөлігінде ғана темір ұнтақтары орналасады да олардың айналасында темір ұнтақтары болмайды, күш сызықтары үзілген болып байқалады. Бұдан аттас полюстер бір-бірінен тебіледі деген қорытынды жасауға болады.
Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.
Екі жолақ магнитті бір-біріне әр түрлі ұштарына апарыңдар. Бақылағандарыңды түсіндір;
Жауап: Екі полюстің арасында ашық жер болмайды, барлық жерді темір ұнтақтары басқан, яғни олар бір-біріне тартылады деген қорытынды жасаймыз.
Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.
Тәжірибе барысында бйқаған алған білімдеріңді пайдаланып қорытынды жасаңдар.
Қорытынды:Тұрақты магниттердің солтүстік және оңтүстік деп аталатын екі полюсі болады. Күш сызықтары солтүстік полюстен шығып оңтүстік полюске кіреді. Тұрақты магниттердің магниттік әрекеті кез келген магниттің айналасында магнит өрісінің болуымен түсіндіріледі.