Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8 Демалу мәдениеті. Мерекелер Күні: 27.04 Сынып: 3
Мектеп: Әл-Фараби атындағы орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Төлепбай Балнұр Асанқызы Қатысқандар саны:17 Қатыспағандар саны: 0
Сабақ тақырыбы
Абай мұражайында
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар құрастыру және оған жауап беру
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауыменмәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем құрастырады.
Көптеген оқушылар:мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастырады.
Кейбір оқушылар:мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар құрастырады және оған толықтай жауап береді, үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастырады.