Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп
«Адал ұрпақ -ұлт болашағының кепілі»
Тәрбие сағаты
Сынып: 5ә
Сынып жетекші: Қасқаева Э.Ш
2022-2023 оқу жылы
Сабақ тақырыбы: «Адал ұрпақ -ұлт болашағының кепілі»
Мақсаты: Оқушылардың әр салада білімін кеңейту, шығармашылық ізденісін жетілдіру; Топпен ұжымшылдықпен жұмыс жасау дағдыларын, жемқорлыққа қарсы тұруы мәдениетін қалыптастыру. Отан, тарих-табиғатына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа, мақсат қоя білуге, адалжыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: тәрбие сабағы, сыныпішілік сайыс
Көрнекілігі: Карта, тапсырмалар
Әдіс-тәсілдері: СТО әдісі бойынша дайындалған тапсырмаларды топпен орындату
Сабақтың барысы
1. «Серігіңді тап» топқа бөліну
2. «Жұмбақтар әлемінде» жұмбақ шешу
3. «1001 мақал» мақалдар айтысы
4. Әңгімелесу
5. «Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар
6. «Ғылымдар сыры»
7. «Кім көп біледі?»
8. Қорытынды
1.«Серігіңді тап» - оқушылар мозаикалардың жалғасын тауып құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді. 1 топ – суреті «Жылқы» 2-топ – суреті «әтеш» 3-топ – суреті «Қоян» 4 топ – суреті «Барыс»
2.«Жұмбақтар әлемінде» жұмбақтар шешу
3.«1001 мақал» мақалдар айтысы - ас, тағам туралы - қонақ, қонақжайлылық туралы - өтірік пен шындық туралы - жаспен кәрілік туралы
4.«Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар
Егерде мен бестік баға алып келсем ...
Егерде мен сабаққа даярлықсыз келсем ...
Егерде мен досымның көңілін қалдырсам ...
Егерде мен сабаққа келмей қалсам ...
6.«Ғылымдар сыры»
Математика
Отбасында 7 ұл бар. Әрқайсының қарындасы бар. Отбасында неше бала бар? 8
Арнайы сұрақ
Жаңа сауылған жылы сүтті ұйытып, оны суы сарқылғанша қайнатады. Қайнауы жеткен соң, қызыл-сары түске айналады. Содан кейін оны дорбаға салып сүзеді, кептіреді. Бұл қандай ұлттық тағам? Ірімшік
Логика
Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұрса .24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? Жауабы : Жоқ
7.«Кім көп біледі?»
1. Бала туылғанда жасалатын той
2. Қазіргі өмір талабына қойылатын үш тіл
3. Наурыз мерекесінің басты асы
4. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра
5. Үш байлық деген не? Денсаулық, ақ жаулық, он саулық
6. 61 жас нешінші мүшел? 5
7. Үш арсызды ата? Ұйқы, күлкі, тамақ
8. Қорытынды. Осымен ойын сабағымыз өз мәресіне таяп қалды. Сайысымызды жинақ парағымен қорытындылайық. Оқушылар сендерге «Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңгімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыз» деген тілекпен «Адал ұрпақ» атты тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.
Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебінде 5ә сынып оқушыларымен
«Адал ұрпақ -ұлт болашағының кепілі» тақырыбында өткізілген
тәрбие сағатының ақпары /2022-2023 оқу жылы/
Тәрбие сағаты 16.05.23 ж сағат 11:00де өтті.
Тақырыбы: «Адал ұрпақ -ұлт болашағының кепілі»
Мақсаты: Оқушылардың әр салада білімін кеңейту, шығармашылық ізденісін жетілдіру; Топпен ұжымшылдықпен жұмыс жасау дағдыларын, жемқорлыққа қарсы тұруы мәдениетін қалыптастыру. Отан, тарих-табиғатына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа, мақсат қоя білуге, адалжыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: тәрбие сабағы, сыныпішілік сайыс.
Сабақ барысы: тәрбие сағаты сайыс түрінде өтті. Сайыс 7 кезеңнен тұрды:
1. «Серігіңді тап» топқа бөліну
2. «Жұмбақтар әлемінде» жұмбақ шешу
3. «1001 мақал» мақалдар айтысы
4. Әңгімелесу
5. «Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар
6. «Ғылымдар сыры»
7. «Кім көп біледі?»
8. Қорытынды
1-ші кезеңде оқушылар мозайка арқылы топқа бөлінді.
2-ші кезеңде жұмбақтар шешіп жарысты
3-ші кезеңде адалдық, әділдік туралы мақалдар сайысы болды
4-ші кезеңде адалдық, жемқорлық төңірегінде «әңгімелесу» болды.
5-ші кезеңде «Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар қойылды
6-ші кезеңде «Ғылымдар сыры» әртүрлі логикалық сұрақтарға жауап берді
7-ші кезеңде оқушылар әр сала бойынша сұрақтарға жауап беріп сайысқа түсті
8-ші кезеңде сайыс қорытындысы шығарылды.
Қорытынды: тәрбие сағаты барысында оқушылар тек адал еңбек пен білім арқылы жетістікке жетуге болатындығын түйді.
Сынып жетекші: Қасқаева Э.Ш
Шындық
Достарыңызбен бөлісу: |