1 тапсырма: топтық жұмыс: Оқушыларға адамның экожүйеге жағымды және жағымсыз әрекеттері берілген суреттер ұсынылады. Оқушылар суреттерден адамның жағымды және жағымсыз әрекеттерін анықтап, суреттерді екіге топтастырады. Топтан әр адам бір суретке неге ол топқа жатқызғандықтарына түсінік береді, зерттеу жасап, дәлел келтірулері керек. 2 тапсырма: жеке жұмыс Әр оқушыға таратпа материал беріледі. Материалда адамның шаруашылық жайы беріледі және ол шаруашылықтардың топыраққа, суға, ауаға, өсімдіктерге, жануарларға, адамға әсері болжанады. Оқушы болуы мүмкін жағдайларды анықтауы керек. 3 тапсырма: Жұппен жұмыс Оқушылар өздері анықтаған проблемаларды шешу жолдарын ұсынады. Адамның денсаулығына әсерін сипаттайды.
Тақырыпты бекіту үшін: 4 тапсырма: ұжымдық жұмыс Оқушылардың бір тобы жергілікті жердегі шаруашылық түрлерін анықтайды. Әр қайсысы өздері білетін шаруашылық түрін тақтаға жазады. Оқушылардың екінші тобы сол шаруашылықтың экожүйеге әсеріне болжам жасайды.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім