САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пəн
Қазақ əдебиеті
Мұғалім
Ажмеденова Гауһар
Мектеп, сынып
Атырау
облысы,
Құрманғазы
ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы
орта мектебі, 10 «А» сыныбы
Сабақ тақырыбы
Адасқанның алды - жөн, арты -
соқпақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ»
өлеңінің
қыр-сырын
меңгертіп, тереңіне бойлату,
өлеңнің тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін
меңгерту,
сын
тұрғысынан
ойлау
арқылы
шығармашылық жұмысқа баулу.
Дамытушылық
: Абайдың өскен ортасы мен жастық
кезеңінен хабардар болады жəне оны өз сөзімен баяндай
алады. Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін
ояту, өлеңді талдау, сөйлеу мəдениетін дамыту.
Тəрбиелік
: Абай поэзиясының тереңдігін түсінуіне
ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу
сезімдерін ояту. Еңбекқорлыққа, талаптылыққа, білімге,
ізденімпаздыққа тəрбиелеу. Сөз өнерінің құдіретін
сезіндіру. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:
Дəстүрлі емес, шығармашылық ізденіс
Сабақтың əдіс-тəсілдері:
«Екі жақты күнделік стратегиясы», «Ақылдың алты
қалпағы»
əдісі, сатылай кешенді талдау,
Венн
диаграммасы,
фишбоун
əдісі,
«Автор
орындығы»
стратегиясы,
«Идеалдан қашықтық» жаттығуы, «Жол
салу» жаттығу
сұрақ-жауап, ой бөлісу, мəнерлеп оқыту, жатқа айттыру,
шығарманы талдату.
Оқыту түрі: Бірлескен ұжымдық іс-əрекет.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы
жайында жазылған кітаптар мен журналдар көрмесі,
буклеттер,
http://www.bilimland.kz/
сайты ресурстары.
1
Сілтемелер:
«Болыс болдым, мінекей» өлеңі
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7698-41_abaj
_qunanbajuly_bolys_boldym_mineki
Абай Құнанбайұлы. «Адамның кейбір кездері» өлеңі
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7946-17_abai
_qunanbai_uly_adamnyng_kei_bir_kezderi_olengi
Абай Құнанбайұлы. «Адасқанның алды жөн, арты
соқпақ»
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7683-35_abaj
_qunanbajuly_adasqannyng_aldy_zhon_arty_soqpaq
Абайдың жиырма бесінші қарасөзі
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7594-25_abaj
dyng_zhiyrma_besinshi_qarasozi
Абайдың үшінші қарасөзі
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7566-3_abajd
yng_ushinshi_qarasozi
Абайдың отыз сегізінші қарасөзі
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7608-38_abaj
dyng_otyz_segizinshi_qarasozi
Абайдың он тоғызыншы қарасөзі
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7588-19_abaj
dyng_on_tohyzynshy_qarasozi
Пəнаралық байланыс:
Қазақ тілі, саз өнері, орыс əдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру сəті:
Қызығушылықты
ояту.
Мұғалімнің сөзі (Абай
əндерінің баяу сазымен):
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Абай туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі
тəрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсуіне зор
үлес қосқан ақын.
ІІ үй тапсырмасын сұрау
http://www.bilimland.kz/
сайтынан Абай Құнанбайұлының
«Адамның
кейбір
кездері»
өлеңін
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7946-17_abai
_qunanbai_uly_adamnyng_kei_bir_kezderi_olengi
интербелсенді тақта арқылы оқушыларға тыңдату.
Оқулықтан мəнерлеп өлеңді мəнерлеп оқу.
2
Өлеңнің жазылу тарихы қандай?
Реализм деген не?
Сыншыл реализм деген не?
Қазақ
əдебиетіндегі
сыншыл
реализм
деген
не?
Сұрақтарына оқушылардан жауап алу.
Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің сабағымыз қазақ халқының ұлы ойшыл
ақыны Абай Құнанбайұлының сыншыл сатиралық
шығармаларына арналады.
І Білім.
Өлеңнің жазылу тарихы туралы əңгімелеу
•
«Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ»
өлеңіндегі əлеуметтік маңызы бар мəселелерге
сыншылдықпен
қарауы,
əлеуметтік теңсіздік
туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би,
болыстарды, мал-мүліктің буына семірген байлар
мен патша əкімдерін сынауы;
http://www.bilimland.kz/
сайтынан Абай Құнанбайұлының
«Адасқанның
алды
жөн,
арты
соқпақ»
өлеңін
(
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7683-35_aba
j_qunanbajuly_adasqannyng_aldy_zhon_arty_soqpaq
)
интербелсенді тақта арқылы өлеңін тыңдату.
«Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ» өлеңінің 38-
қарасөзімен үндестігі
•
Абай қарасөздері тақырып, пікір жақтарынан
оның өлеңдерімен тығыз байланысты.
«Үшінші сөз» қара сөзі «Болыс болдым, мінекей»
өлеңімен
мазмұндас
екенін
ұғындыру
үшін
http://www.bilimland.kz/
сайтынан Абай Құнанбайұлының
үшінші
қарасөзін
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7566-3_abajd
yng_ushinshi_qarasozi
жəне «Болыс болдым, мінекей»
өлеңін
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7698-41_abaj
_qunanbajuly_bolys_boldym_mineki
интербелсенді тақта
арқылы өлеңін тыңдату.
«Отыз сегізінші сөз» қарасөзі «Адасқанның алды - жөн,
арты – соқпақ» өлеңімен мазмұндас екенін ұғындыру
үшін
http://www.bilimland.kz/
сайтынан
Абай
Құнанбайұлының
«Отыз сегізінші сөз» қарасөзін
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7608-38_abaj
dyng_otyz_segizinshi_qarasozi
жəне «Адасқанның алды –
жөн,
арты
–
соқпақ»
өлеңін
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7683-35_abaj
_qunanbajuly_adasqannyng_aldy_zhon_arty_soqpaq
интербелсенді тақта арқылы өлеңін тыңдату.
3
«Жиырма бесінші сөз» қарасөзі «Жасымда ғылым бар
деп ескермедім» , «Интернатта оқып жүр» өлеңімен
мазмұндас екенін ұғындыру үшін
http://www.bilimland.kz/
сайтынан Абай Құнанбайұлының «Жиырма бесінші сөз»
қарасөзін
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7594-25_abaj
dyng_zhiyrma_besinshi_qarasozi
интербелсенді
тақта
арқылы өлеңін тыңдату.
«Он тоғызыншы сөз» қарасөзі «Бір дəурен кемді күнгі
бозбалалық» ,«Білімдіден
шыққан
сөз»
өлеңімен
мазмұндас екенін ұғындыру үшін
http://www.bilimland.kz/
сайтынан Абай Құнанбайұлының «Он тоғызыншы сөз»
қарасөзін
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/7588-19_abaj
dyng_on_tohyzynshy_qarasozi
интербелсенді
тақта
арқылы өлеңін тыңдату.
Оқушылардың пікірлерін, көзқарастарын білу.
ІІ түсіну
Өлеңді мəнерлеп оқу
«Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ»
Екі жақты күнделік стратегиясы арқылы Абайдың
«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ», «Байлар жүр
жиған малын қорғалатып», «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
өлеңдеріне талдау жасау.
Үш өлеңдегі ақын ойының
үндестігін табу, өз ойын
ортаға салу.
І топ «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ»
ІІ топ «Байлар жүр жиған малын қорғалатып»
ІІІ топ «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
ІІІ Қолдану
«Ақылдың алты қалпағы»
Эдвард де Боно
тəжірибесі бойынша əр топқа жеке
тапсырма беріледі.
А) Ақ қалпақ:
өлеңнің белгілі немесе қажетті тұстарына
тоқталады, балалардың назарын сол идеяларға аударуға
жұмыстанады.
Ə) Сары қалпақ
: Бұл қалпақпен сіз өлеңнің жағымды
жақтарын
зерттейсіз
жəне
өз
назарыңызды,
күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын
іздеуге жұмсайсыз.
4
Б) Қара қалпақ:
Бұл - «əзəзілдің қорғаушысы» өлеңінің
жағымсыз
жақтарымен
мақтана
аласыз,
оны
өз
беттеріңізше қорғауға əрекет етесіз.
В) Қызыл қалпақ
: Сезімге ерік бересіз, өлең туралы
болжамды жəне ішкі өз түйсіктеріңді білдіресіздер.
Заман ағымымен бе, əлде басқа себептермен өзгерген
адамдар туралы.
Г)
Жасыл
қалпақ:
Өлең
кейіпкерлерінің
мүмкіндіктеріне, олар бақытты болуға лайықты жол таба
алатындығына, жаңа идеяларға бағытталады. Заманға
лайық жастарға көзқарастары туралы.
Ғ) Көк қалпақ:
Шығарманың маңызы туралы.
ІV. Талдау
І топ. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау. Өлең
құрылысындағы Абай өрнегі.
ІІ топ.
Венн диаграммасы «Адасқанның алды – жөн»
өлеңі мен 38 қара сөзін салыстыру.
ІІІ топ. Абайдың сөзден салған өрнегі.
V. Жинақтау.
«Фишбоун» əдісі. Оқушыларға балық қаңқасын ұсынып,
өлеңнен
проблеманы
анықтау,
себептерін табу,
дəлелдеу, қорытынды жасауды тапсырады.
Оқушылар балық қаңқасына қара сөзден проблеманы,
себептерін анықтап, дəлелдерін келтіреді, қорытынды
жасайды.
Себептері
Проблема
Қорытынды
Дəлелдер
Проблема:
кедей қайдан шығады?
Себептері:
жалқаулық
Дəлел: керегеге сабау шаншып, бөркін ілген, бет-аузын
мың құбылтқан, қу борбай жылпос.
Қорытынды:
Адасқанына қарамай, алдым жөн деп,
артында көмескі соқпақ қалдырып, бүкіл қоғамға
зардабын тигізетін зиянды құбылысты бар болмысымен
əшкерелейді.
ҮІ Баға. Сын
Қараңыздаршы, біздің алдымызда Абай тұр.
Ол
ақылды, белсенді, тəуелсіз, тəрбиелі, ғылым мен
оқуды сүйетін тұлға. Біз өзімізді толық білімді адамбыз
деп əлі елестете алмаймыз, біз тек сондай болуға
ұмтылыс үстіндеміз, сол идеалға жету жолындамыз.
5
«Идеалдан қашықтық» жаттығуы
Дəл қазіргі кезде білімді адамнан əртүрлі қашықтықта
тұрмыз. Ал енді біз қазір бəріміз бірігіп осы қашықтықта
тұрмыз. Енді менің қасыма келіп бір кірпіштен аласыздар
(қызыл түсті қағаздан жасалған). Осы кірпіштерден біз
идеалымызға дейін жол саламыз.
«Жол салу» жаттығу
Енді əрқайсысымыз «қасиет» жазылған кірпішімізді
дауыстап айтып, жерге қойып, білімді адамға жол
саламыз. Бүкіл кірпіштер салынып болғанда оқушылар
дəл тақтаның алдына жетеді. Сонымен, бізге білімді
адамға жету үшін: мақсат, ниет, ынта, еңбекқорлық,
табандылық, оптимизм, жігер, батылдық, шыдамдылық,
ақылдылық,
жүйелілік,
алға
ұмтылушылық,
қызығушылық, білуге ұмтылу, қайрат, төзімділік, намыс
қасиеттері қажет екен. Сонымен біз жеттік, жолымыз
ауыр болды-ау. Ия, білімді адам болу оңай емес
екендігіне көзіміз жетті.
Сабақты қорыту
«Автор орындығы»
стратегиясы. Ортада Абай.
Болашаққа өсиет айтып тұрған кейіпте (музыка естіліп
тұрады). Жақсылық пен жамандықты, əділдік пен қиянат
туралы білгің келсе, Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен
арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе,
Абайды оқыңыз. Өлім мен өмір, адам жанының
қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды
оқыңыз. Тіршіліктің мəңгі сауалдарына жауап іздеп, он
сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды
оқыңыз.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма
Өлеңді жаттау. Ұлы ақын туралы мəнжазба жазу,
тұсаукесер дайындау.
6
Ақын ойы
Менің ойым
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ,
Оларға жол – арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз, малға бөккен кісімсініп,
Əсте жоқ кеселді істен биттей қорқпақ.
Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ,
Мүшесінен буынып, басады алшақ.
Қас алдына жымырып келемін деп,
Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.
Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ,
Қолында бір сабау бар, о дағы аппақ.
Керегеге сабауды шаншып қойып,
Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.
7
Ақын ойы
Менің ойым
Байлар жүр жиған малын қорғалатып,
Өз жүзін, онан беріп, алар сатып,
Онан алып, тоқсаннан дəме қылып,
Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?
Барып келсе Ертістің суын татып,
Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып,
Елді алып, Еділді алып есіреді,
Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып.
Əрі-бері айналса аты арықтап,
Шығынға белшесінен əбден батып.
Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа
Құдай құмар қылыпты қалжыратып.
Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң,
Шаптырады қалаға бай да аңдытып.
Күшті жықпақ, бай жеңбек əуел бастан,
Қолға түсер сілесі əбден қатып.
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Əркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.
Ақын ойы
Менің ойым
Сабырсыз, арсыз,еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан алауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді
Ол – арсыздық белгісі.
Ұятсынбай, ойланбай,
Қой дегенге тіл алмай,
Iс қылмай ма үлгісі?
Өлең жолдарының мағынасын ашып
түсіндіру
8
Достарыңызбен бөлісу: |