Сабақ тақырыбы Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек



бет2/3
Дата08.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#135362
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек КМЖ

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
«Шаттық шеңбері» тренингі арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал көңіл күй қалыптастыру
Бірлескен оқу ортасын құру.
Топқа бөлу:
Бүтін сандар, Рационал сандар, Оң сандар, Теріс сандар
Оқушыларға өзін-өзі бағалау парақшасы таратылады

Аты жөні

Үй тапсырмасы

«Серпілген Доп»

Сәйкестен діру тесті

«Ойлан, жұптас, бөліс»

«Мозайка» әдісі

Қорытын ды

жеке



















Досым көмегімен



















Мұғалім көмегімен



















Үй жұмысын тексеру
№618 (-0,5) №619 (380 м)
№620 3; 1,1; ; 1,1; 3;



Дескриптор:
- рационал сандарды қосады
- рационал сандарды азайтады;
- модульдің мәнін табады;

Бағалау



- барлық тапсырма дұрыс

-бір тапсырма дұрыс емес
-екіден көп тапсырма дұрыс емес
Әрбір дұрыс жауапқа жетон беріледі

Тақтада ілінген үй тапсырмаларынң дұрыс жауаптары арқылы оқушылар бір-бірін тексереді. Әр дұрыс есепке жетон беріледі




«Серпілген доп» әдісі
Алдыңғы тарау бойынша қайталау сұрақтары:

        • Бүтін сандар дегеніміз не? Мысал

  • Рационал сандар ұғымы, мысал келтіріңіз;

  • Таңбалары бірдей сандарды қосу, мысал келтіріңіз;

  • Таңбалары әртүрлі сандарды қосу, мысал

  • Рационал сандарды азайту, мысал келтіріңіз;

    • Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту, бөлу

    • Теріс сандарды көбейту, бөлу



«Сәйкестендіру тесті» Берілген кестедегі сұрақтарға дұрыс жауабын сәйкестендіреді

-13+28

-41

-45:15

70

7*(-10)

-41

13+28

3

-7*(-10)

15

-13+(-28)

41

-45:(-15)

-3

13+(-28)

-70


Сабақтың мақсатын айту



Слайд 4

Бағалау парақшасы






Сабақтың ортасы


3 – 13 мин

13 – 20 мин


20 -22 мин


22 - 32 мин

32 – 34 мин
34 – 38 мин

Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену.
Оқушылар, бүгін біз өткен түсініктерімізді қайталау арқылы жаңа сабақпен сабақтастырамыз.
Мынадай мысалдармен қарастырайық:

  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см болса, периметрін, ауданын табыңыз.

Сонда, P = 2(a + b), S = ab болады.

  1. Егер текшенің өлшемдері а см, b см, с см болса, онда текшенің көлемін табыңыз.

Сонда, V= abc болады.
Осы мысалдарды тұжырымдайық:
Табылған P = 2(a + b), S = ab, V= abc өрнектеріндегі а, b, с әріптері айнымалылар деп, ал P = 2(a + b),
S = ab, V= abc өрнектері айнымалысы бар өрнектер деп аталады.

  1. Формулалар мен есептің шартына байланысты құрылған теңдеулерді жазуда айнымалысы бар өрнектер пайдаланылады.

  2. Айнымалысы барөрнектің жазылуында айнымалылармен қатар, сандар, жақшалар және арифметикалық амалдар таңбалары да болуы мүмкін.

  3. Кейде бір айнымалының өзі де айнымалысы бар өрнек бола алады, мысалы, b– айнымалысы бар өрнек, х–айнымалысы бар өрнек.

Жазылуында бір немесе бірнеше әріптер, сандар, арифметикалық амалдар және жақшалар болатын өрнек алгебралық өрнек деп аталады.
Мысалы: 3a; a + b; x(x+2) өрнектеріндегі әріптердің қабылдайтын мәндері – кез келген сандар.


Алгебралық өрнектің жазылуы мен оқылуына мән беру.
Мысалы: х санынан у пен 9 санының қосындысын азайтуды былай жазамыз:
х – (у + 9)
Егер айнымалылары бар өрнектегі әрбір айнымалының орнына оның қабылдайтын мәнін қойсақ, санды өрнек жазылады. Бұл жағдайда санды өрнектің мәнін айнымалылары бар өрнектің мәні деп атайды.
Алгебралық өрнектің сандық мәнін табу үшін:

  1. Алгебралық өрнектегі әріптерді олардың сан мәндерімен алмастыру қажет;

  2. Теріс сандар жақша ішіне алынып жазылады;

  3. Алгебралық өрнектегі жақшалар есепке алынып (егер жақща болса), тиісті арифметикалық амалдар ретімен орындалады.

Мысалы: 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәнін табайық.
7а + 5 = 7·3 + 5 = 26.
Мұндағы 26 саны 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәні.

Қалыптастырушы бағалау

  1. «Бағдаршам» әдісін арқылы кері байланыс жасаймын.

  2. Мақсаты: Оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тәсілі.

  3. Орындалуы: Оқушыларға қызыл, сары және жасыл түсті карточкалар беріледі.

  • Толықтай түсінсе, сенімді болса ЖАСЫЛ ТҮСТІ;

  • Түсінуге жақын бола, аздап білсе САРЫ ТҮСТІ;

  • Түсінбесе, сенімді болсмаса ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ;

  1. Нәтиже: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, оларды ілгері жүруіне жетелеймін.



Жалпы сыныппен жұмыс
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
627. Айнымалылары бар өрнектерді «қосынды», «айырма», «көбейтінді» және «бөлінлі» ұғымдарын пайдаланып оқыңдар:

  1. 3а + с; 3) 1,3 – ху; 5) (m + nn; 7) ;

  2. 3b d; 4) (x y)· 1,4; 6) m2n2; 8) .

Оқылуы: (3а + с) - үш пен а санының көбейтіндісіне с санын қосу.

629. Өрнектің мәнін табыңдар



  1. 2+3a , мұндағы a = 4, -5; 3) 8с-9, мұндағы c = 3, -2;

  2. 7-2b, мұндағы b = -1; 3 4) 4+5d, мұндағы d = -3, 6;

Жауабы: 1)14; -13; 2) 9; 1. 3) 15; -25 4) -11; 34


632. Айнымалысы бар өрнек түрінде жазыңдар.

  1. а санынан 3 есе артық санды;

  2. d санынан 2 есе кем санды;

  3. m – нің -іне тең санды;

  4. n санының 14 % - ін;

  5. а санынан 25 % артық санды;

  6. b санынан 30 % кем санды.

Жауабы: 3а; ; ; 0,14n; 1,25а; 0,7b.


Дескриптор: Білім алушы:



  • айнымалылары бар өрнектерді оқи біледі;

  • айнымалылары бар өрнектерді жазады;

  • айнымалылары бар өрнектердің сан мәнін есептей алады.

Оқушылар өзін – өзі бағалайды.


«Мозайка әдісі»


Деңгейлік тапсырмалар
Негізгі деңгей
1.

  1. Телевизордың бағасы а тг. Телевизордың бағасы 10%- ке арзандады. Телевизордың бағасы арзандаған соң неше тенге болды?

  2. Жолаушы s км қашықтыққа барды. Бұл оның барлық жолының 40%- іне тең. Жолаушының барлық жолы неше километр?

2. Кестені толтырыңыз:

у

-0,7



0

2,5

1

16 – 3у
















16 + 3у
















Жауабы:1) 0,9а; 2) 2,5s;



  1. 18,1; 17,5; 16; 8,5; 13

13,9; 14,5; 16; 18,5; 19.


Дамытушы деңгей
1.Есепті өрнек құрып шығарыңдар.
Бірінші сан екінші саннан а есе үлкен, ал екінші сан үшінші саннан b есе үлкен. Үш санның қосындысы 171-ге тең. Осы сандарды табыңдар.
Мұндағы a = 2,4, b = 2,5..
2. Егер m – жұп сан болса:

  1. m + 1; 2) m + 2; 3) 2m + 1; 4)m(m + 1)

сандардың қайсысы тақ сан болады?

Жауабы: 1) 108; 45; 18. 2) 1; 3.




Шығармашылық деңгей
1.Өрнектердің мәндерін есептеп табыңдар:
1) (а + b)2; a2 + b2; a2 +2ab +b2 мұндағы a=3, b= -7.
2) (а - b)2; a2 - b2; a2 -2ab +b2 мұндағы a = 2, b = -5.
Мәндері тең өрнектерді теңдік белгісімен жазыңдар.

2. Қабырғасы а см квадрат пішінді қалың қағаздың бұрыштарынан қабырғасы b см квадраттар қиылып алынып, одан қорапша жасалған (суретте). Қорапша көлемін табыңдар. Мұндағы a = 24, b = 6.



Жауабы: 1) (а + b)2= a2 +2ab +b2; (а - b)2=a2 -2ab +b2.
2) 864 см3.
Мұғалім ұсынған дайын жауаптар арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Дескриптор: Білім алушы:



  • айнымалылары бар өрнектерді жазады;

  • айнымалылары бар өрнектердің сан мәнін есептей алады.

Оқушылар өзін – өзі бағалайды.



Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі пайдаланылады
– барлық тапсырмалар дұрыс орындалды.
– бір тапсырма дұрыс емес.
– екі не одан көп тапсырма дұрыс емес.
Бағалау критерийлеріне жету үшін тапсырмаларға арналған дескриптор бойынша оқушыларға бір бірін бағалай отырып, әр дұрыс жауап үшін жетондар беріледі. Бағалау парақшаларына жинаған жетондар саны көрсетіледі

Кері байланыс: Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру үшін .
Бағдаршамның белгілерін көтеру арқылы оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Сергіту сәті






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет