VIғ-да Сократқа дейінгі философиядан басталып, 529 жылы Афинада соңғы философиялық мектепті Император Юстиниан І жарлығымен жабылғанға дейін жалғасқан Ежелгі Грек және Ежелгі Рим философиясы (бзд. VІғ - VIғ). Дәстүр бойынша Фалес алғашқы антикалық философ, ал Боэций соңғы антиккалық философ саналады.
Классикалық кезеңі
Бұл кезең ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Платон мен Аристотель өздеріне дейінгі философияны біртұтас ғылымға айналдырып, жүйелендіре түсті.
Софистер - «даналық ұстаздар».
Б.з.д. Ү-ІҮғғ. бірінші жарсытысында өмір сүрген. Протагор, Горгий, Гиппий, Продик, Антифонт, Критий және тб.
Протагор (б.з.д. 481-411) – атақты аға софист. Оның атақты кредосы: “Адам – барлық тіршіліктің, нәрсенің өлшемі, өмір сүрушілер үшін өмір сүру, өмір сүрмейтіндер үшін өмір сүрмеу”.