Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп олардың зейінің сабаққа аудару.
Ой қозғау. Жұмбақ жасыру, жұмбақтың жауаптарына байланысты қандай ортақ тақырып ойластыруға болады? деген сауалдар арқылы тақырыпты болжау, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын анықтау
Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған. (Аспан)
Айсыз түнде қараңғы,
Бір орнынан жылжымай,
Қандай жұлдыз шырағы,
Жол көрсетіп тұрады? (Темірқазық)
Дұрыстап аңғарсаң,
Көктегі бағдаршам. (Үркер)
Үй тапсырмасын «Жұлдызды шеру» -әдісі арқылы сұрауды жоспарлап отырмын.
Астрономия нені зерттейтін ғылым? (Аспан әлемін зерттейтін ғылым)
Қандай жұлдыздарды білесің? (Темірқазық, Үркер, Жетіқарақшы)
Жетіқарақшы жұлдызының аттарын ата (Дубхе, Мерак, Фекра, Мегрец, Алиот, Мицар, Бенетнаш)
Шоқжұлдыз дегеніміз не? (Шоқжұлдыз дегеніміз - аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі)
Аспанда қанша шоқжұлдыз бар? (Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз бар)
Қандай ғаламшарларды білесің? (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран. Нептун)
Жердің табиғи серігін ата (Ай)
ҚБ: («жарайсың», «керемет», «өте жақсы» т.с.с сөзбен қолдау көрсетемін)
|
Оқулық
Интерактивті тақта
Презентация
Жұлдызды карта
Кеспе қағаздар
|