Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ғалым Қаныш Сәтбаев.
Күні:
Мұғалімнің есімі: Жалетова Д.Ж.
Сынып: 4 «а»
Қатысқандар саны 28
Қатыспағандар саны-
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
4.3.3.1 – Қазақстанның ХХ–ХХІ ғасырлардағы ғылым саласында жеткен жетістіктерін айту;
4.3.4.1 – өмірбаяндық мəліметтерге сүйене отырып, шығармашылық жəне еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбектері туралы қорытынды жасау.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: ғылымның қоғамдағы рөлін түсінеді; Қаныш Сəтбаевтың өмірі жайлы баяндайды.
Көптеген оқушылар: ғылымның жетістіктері өмірдің қай салаларында қолданылатынын түсіндіреді;
«Ғалым Қаныш Сəтбаев» кластерін құрастырады.
Кейбір оқушылар: Қаныш Сəтбаев неліктен Қазақстан Ғылым академиясының президенті болып сайланғанын дəлелдейді; қосымша ресурстарды пайдаланып, өз облысында дүниеге келген ғалымдардың есімдерін атайды, олардың ғылымның қай саласында қызмет еткендерін анықтайды.