Сабақ тақырыбы: Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық талдау және қазіргі заманның жаһандық талаптарын зерделеу


Философия тарихындағы мәдениет теориялары



бет6/8
Дата26.04.2022
өлшемі30,39 Kb.
#32296
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
12 практика

Философия тарихындағы мәдениет теориялары.

Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Латынның «культура» сөзінің бастапқы мағынасы жерді өңдеу, оны күту, мұқтажына бейімдеу дегенді білдіреді. В.Даль культура сөзінің мынадай мағыналарын берген: «өсіру», «өңдеу» және «күту», «білім, ақыл-ой және ізгілік».

Цицеронда біз бұл терминнің ізденуден туған міндеттерге, адам миының дамуына байланысты барынша кеңірек қолданылғанын көреміз. Мәдениеттің толығырақ мағынасын неміс философы Г.Ф.Гегель табиғи көзқарасқа орайластырылған адамның «екінші табиғаты» және «екінші ақиқат» деп атап көрсетеді.

Терминнің мазмұны табиғаттың, адамның және оның қызметінің ажырамас бірлігін білдіретін бастаудың мәдениетте екендігін көрсетеді.

Мәдениеттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады: көндіктірушілік; құндылықты нормативтік; әлеуметтендіргіш; ұйымдық

реттегіш; ізгілікті; коммуникативті ақпараттық.

Мәдениеттің маңызды міндеттерінің бірі – ізгіліктік болып табылады.

Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани жетілдіру деп түсінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс.

Қытайда мәдениетті «ЖЭНЬ»- адамгершілік түсінігімен мағыналас деп қарастырады. Қазіргі уақытта оның ең дәл мәнін А.Швейцардың мына сөзімен беруге болады. «Бірде-бір адам зат ретінде жағдайға орай құрбандыққа шалынуға тиіс емес және осы этикалық заң адамның өзінен оның мәдениетінің басты принципі – өмірдің кез-келген нысаны алдында имандылықта сақтауды талап етеді».

19-20 ғғ. психоаналитикалық теорияның пайда болуы адам мен мәдениетті түсінуде өзіндік «антропологиялық революция» жасады деп айтса болады. Психоанализ негізін салушы Зигмунд Фрейд өзінің «Тотем және табу» еңбегінде культурогенез мәнін алғашқы мәдениет құбылысы арқылы ашады. Тотемизмнің алғашқы мағынасын ашуға тырысқан ол мәдениет феноменін түсінуде тыйым салу жүйесінің, яғни табудың үлкен мағынасы бар екендігін көрсетеді. Жыныстық қарым-қатынастарға тыйым салу және оны невроз тудыратын және бейсаналы салаға ығыстырып шығару түптеп келгенде адамзат тарихының ең ежелгі сатысында пайда болған мораль мен құқықтың қоғамдық нормалар. З. Фрейдтің теориясында қалау- тілектерге тыйым салу немесе мәжбүрлеу мәдениеттің негізі болып табылады. Оның көзқарастарының негізінде адамдағы табиғи бастау, бейсаналылық, кысым көрсету мен табиғат нормалары арасындағы қарама-қайшылықтар жатыр деген ой-тұжырым жатыр.

Фрейдтік «мәдениет» термині адамдардың табиғатқа билік жүргізу барысында игерген білімдері мен әдіс-тәсілдерді, адам қажеттіліктерін

қанағаттандыру мақсатында игіліктерге қол жеткізу мағынасын білдіретін айта кету қажет. Сонымен қатар фрейд теориясы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, әсіресе игерілген игіліктерді бөлуді реттейтін институттарды да қамтиды. Басқаша сөзбен айтқанда мәдениет бір жағынан адамды сыртқы ортаның факторларынан қорғап, табиғат игіліктерін игеруге және оларды адамдар арасында бөлуге үлесін қосады, ал екінші жағынан мәдениет адамды оның қалау-тілектерінен айырып, оған ауыртпалық түсіреді.

Жалпы психоанализ теориясы өз саласындағы бірден бір теория болмаса да, адам психикасын тануда және оның терең қырларын ашуда, сонымен қатар адамзат қоғамынының дамуын түсінуде маңызды қадам болды.

Мәдениеттің, оның пікірінше, екі маңызды қыры бар:



  • бір қыры, ол адамға табиғат күшін игеруге және өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін одан материалдық игіліктер алуға мүмкіндік беретін адамдар алған барлық білім мен іскерлікті қамтуы.

  • екінші жағынан, оған адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеу үшін, әсіресе қол жетімді материалдық игіліктерді бөлу үшін қажетті барлық белгілер кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет