Сабақ тақырыбы: Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық талдау және қазіргі заманның жаһандық талаптарын зерделеу



бет7/8
Дата26.04.2022
өлшемі30,39 Kb.
#32296
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
12 практика

З.Фрейдтің айтуынша, әрбір мәдениет алғашқы талап-тілектер, қажеттіліктер күштеу, мәжбүрлеумен және басумен құрылады. Сондықтан, адамдарда қоғамға қарсы және антимәдени үрдістер жиі кездеседі.

Швейцариялық психолог, психоаналитик, мәдениет зерттеушісі, Карл Густав Юнгтың концепциясына сәйкес, мәдениеттің қалыптасуында адамдардың образдарын, ойларын, сезімдерін қалыптастыратын; миф,

ертегілер, аңыздарда көрініс тапқан ұжымдық жадыны сақтайтын уақыттық жүйелерден тыс мәдениеттің архетиптері (қоғамдық бейсаналылықтың психикалық құрылымдары) негізгі роль атқарады. К. Юнг сексуалдылық теориясын теріске шығарып, либидо түсінігін тұлғаның психикалық үрдістерінің белсенділігін анықтайтын және мәдениет пен өркениет дамуының психоэнергетикалық негіздерін анықтайтын психикалық энергия деп түсіндіреді.

Швейцариялық ғалымның ойынша, халықтардың өмірі психологиялық заңдарға бағынады, ал халықтың жаны жеке тұлғаның күрделенген жанының құрылымы. Тек сана мен бейсананың үйлесімділігі ғана сау және рухани бай тұлғаларды қалыптастырып, қауіптің алдын алады. Рухани мәдениет және шығармашылық бейсана шарттарында негізделеді. Шығармашылық үрдіс архетипті бейсаналық жандандыру мен оны ашудан, оның толық аяқталған өнер туындысына дейін көтеруден тұрады.



Н.Я.Данилевский – орыс әлеуметтанушысы, мәдениеттанушысы, публицист және геосаясаткер, алғашқылардың бірі болып тарихқа деген өркениетті көзқарастың негізін салушы. Негізгі идеялары: жалпыадамзаттық өркениетті сынау. Дін, мәдениет (ғылым, өнер, техника), саясат, қоғамдық-экономикалық өмір секілді 4 негізден тұратын: мәдени-тарихи түрлер тұжырымдамасы. Мәдени-тарихи түрлер және өркениеттер этнографиялық материалға қарсы тұрады. Ғалым мәдени қызметтің төрт түрін бөледі:

  1. діни,

  2. мәдени (ғылыми және эстетикалық шығармашылық),

  3. саяси,

  4. қоғамдық-экономикалық.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет