Болашақ қаласының сәулетшілері, инженерлері неге мән береді?
Болашақ қалалары қоршаған ортаны сақтау, экологиямен қалай байланысты?
Неліктен екенін айта аласыз ба…?
…конструкцияның бұл түрін неліктен таңдадыңыз?
…құрылыста қоршаған ортаны сақтауға мән беру қажет пе?
Құндылықтарды дарыту
Азаматтық жауапкершілік.
Пәнаралық байланыстар
------
АКТ қолдану дағдылары
Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды.
Бастапқы білім
Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
3 минут
1. Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Сабақ тақырыбы: Қазіргіден болашаққа
Сабақ мақсаттары:
Шығармашылық жұмысты жақсартудың жолдарын ұсынып, критерийлерге сәйкес жұмысты бағалау.
Сабақтың ортасы
30 минут
2 минут
2. Тапсырма №1. Шығармашылық жұмысты таныстыру. Жұмыстарыңызды кішігірім көрме ретінде орналастырыңыздар.
Бір бірлеріңе жұмыстарыңыз жайында әңгімелеңдер.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Конструкцияның дәл осы түрін неліктен таңдадыңыздар?
Ғимарат неге арналған?
Қоршаған ортаны сақтауда аталмыш конструкция қандай үлес қосады?
Оқушылар шығармашылық жұмыстарын таныстырады. Оқушылар тәжірибесімен алмасады және талқылайды, зерттеу нәтижелерімен бөліседі. Олар осы және келесі бөлімде болашақ қаласын жобалау кезінде оларға негізгі тарихи, әлеуметтік және мәдени аспектілер қандай әсер тигізгені жайлы пікірлерін білдіреді.
Оқушылар осы бөлім бойынша өз альбомдарында, скейчбуктарында жобаны орындау үшін жазған тәсілдері мен өздерінің түсініктеріне негізделе отырып, жұмыстарды талқылайды.
Комментарияларды ұсына отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарын критериялар бойынша бағалайды.
3. Саралау: Материалдар мен құралдарды пайдалану бойынша. Егер оқушылар үйді безеңдіргенде әртүрлі материалдарды қолданса.