Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқиды.
Азоттың атом құрылысы
Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде бес электрон бар. Азот атомында электрондардың орналасуы:
N +7 2е) 5е) электрондық формуласы:1s22s22p3 Графиктік формуласы: 1s 2s 2p
Азот атомы жетпей тұрған үш электронды қосып алып,-3 тотығу дәрежесін көрсетеді. Ең жоғары тотығу дәрежесі+5
Бос күйінде азот екі атомнан тұратын жай зат түзеді, оның молекуласының құрылымы:
N N немесе N≡N
Азот молекуласы 3р электронның қаптасуы арқылы түзіледі; сонымен қатар бір δ ,екі пи байланыс пайда болады,яғни азот ковалентті полюссіз байланыс түзеді. Сондықтан азот молекуласы өте берік. Кәдімгі жағдайда азоттың белсенділігі төмен. Азотты ең алғаш ағылшын химигі Д Резерфорд сипаттаған.1772 жыл азоттың ресми ашылған жылы болып есептеледі.