САБАҚ: Биология
|
Мектеп: № 5 Ақмол орта мектебі
|
Күні: 17.10.19
|
Мұғалімнің аты-жөні:. Замзиева А.Қ.
|
Сынып: 10 «ә»
|
|
|
Сабақ тақырыбы:
|
Бактерия, өсімдік және жануар жасушаларының құрылымының ерекшеліктері.
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
|
11.4.2.5 прокариот жасушаларының және өсімдік, жануар жасушаларының құрылыс ерекшеліктері мен қызметтерін салыстыру
|
Сабақ мақсаттары
|
Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы мен қызметін түсіндіру;
Прокариот және эукариот жасушаларының құрылымындағы ерекшеліктерін салыстыру;
|
Жетістік критерийлері
|
Өздерінің дәлелдерін түсіндіріп, қарым қатынас жасау дағдыларын көрсетеді.
Жасуша құрылымын, органоидтарын және олардың қызметтерін сипаттау, түсіну және сұрақтарға жауап беру
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Эукариот және прокариот жасушаларымен байланысты негізгі терминдерге ауызша анықтама беру.
Эукариот және прокариот жасушаларын жазбаша салыстыру.
Жасушалардың ұқсастығы мен айырмашылығын жазбаша сипаттау, сондай-ақ ағзалардың тіршілігіндегі жасуша органоидтарының функцияларын түсіндіру
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Прокариот, эукариот, хлоропласт, митохондрия, ЭПТ, вакуоль, гликоген, целлюлоза, цитоплазма
|
Құндылықтарды дағдыландыру
|
Өмір бойы білім алу,
Оқушылар арасындағы ынтымақтастық,
жаһандық азаматтылық.
|
Пәнаралық байланыс
|
Химия
|
АТҚ қолдану дағдысы
|
Интерактивті – тақтамен жұмыс
|
Алдынғы білім
|
"Жаратылыстану" курсынан оқушылар жасушалар мен ұлпалар туралы біледі. Олар сондай-ақ микроскоппен жұмыс істей алады және уақытша микропрепараттар дайындайды. Биология пәнінен 7 сынып оқушылары пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана сияқты жасушалардың компоненттерін анықтай және сипаттай алады. 8 және 9 сынып білімі бойынша прокариоттар мен эукариот жасушаларының айырмашылығы неде екенін біледі.
|
Сабақ барысы
|
|