3. Негізгі бөлім
Тірек-сызбаны, оқулықты қолданып, балалардың бұрынғы біліміне сүйене отыра тапсырмалар ұсынылады.Оқулықпен, қосымша ақпараттармен, дәптермен жұмыс жасау керектілігі, аз уақытта көп ақпарат алатынымыз ескертіледі.
Тапсырма 1
Тірі ағзалар жасушалары ядросының жетіліуіне байланысты екі топқа бөлінеді:
Жасуша
прокариотты
|
эукариотты
|
Вирустар,бактериялар
|
Саңырауқұлақтар,өсімдіктер,жануарлар
|
Тапсырма 2. Органоидтар- кесте толтыру
Мембраналы Мембранасыз
қосмембраналы
|
мембраналы
|
мембранасыз
|
Ядро
|
Эндоплазмалық тор
|
Рибосома
|
Митохондрия
|
Гольджи жиынтығы
|
Жасуша орталығы
|
пластидтер
|
лизосома
|
Қозғалыс органоидтер
|
|
|
вакуольдер
|
|
|
|
Тапсырма 3 Сәйкесті таңбалаңыз
|
ядро
|
рибосомалар
|
лизосомалар
|
митохондриялар
|
Гольджи
жиынтығы
|
вакуоль
|
1.ДНҚ-сы бар
|
|
|
|
|
|
|
2.РНҚ-сы бар
|
|
|
|
|
|
|
3.мембранасы бар
|
|
|
|
|
|
|
4.бөліну арқылы көбейеді
|
|
|
|
|
|
|
5.биосинтезге тікелей қатысады
|
|
|
|
|
|
|
6.эритроциттерде болады
|
|
|
|
|
|
|
7.ішек таяқшасында кездеседі (бактерия)
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма 4
Біздерде бүгін сайыскер 4 топ білім сынағынан өтеді:
І топ – «Бактериялар және вирустар құрылысының ерекшеліктері»
ІІ топ – «Саңырауқұлақтар жасушасының ерекшеліктері»
ІІІ топ – «Өсімдік жасушасының құрылысы»
IV топ- «Адам және жануарлар жасушасының құрылысы»
Оқулықпен жұмыс
Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов Жалпы биология, 10-сынып, Алматы.- Мектеп, 2010
12-18 параграф
Оқушы анықтамасы «Арман-ПВ» баспасы,2007
«Инсерт кестесін» толтыру
4. Практикалық бөлім
1. Бактериялар және вирустар құрылысының ерекшеліктері( 2 слайд)
2. Бактерияның ашылу тарихы-видеофильм
3. Зертханалық жұмыс 1: Сүт қышқыл мен пішен таяқшасы бактерияларын микроскоппен қарау
Мақсаты: Оқушылардың прокариоттық жасушалардың құрылысы бойынша алған білімдерін жинақтауға ықпал ету.
Құрал-жабдықтар:
-бір апта бұрын беті жабылып қалдырылған айран және тұздалған қияр; алдын ала дайындалған пішен таяқшасы; микроскоп, ұлғайтқыш ійнек, сапты ине, заттық шыны, жабын әйнегі, тамшуыр.
Тапсырма:
А)Айранның бетіндегі сілемейден иненің ұшымен алып, заттық шынының бетіндегі бір тамшы тушьқа араластырыңдар, Содан кейін жабын әйнегімен жауып, микроскоппен қарағанда, тізілген моншақ тәрізді және таяқша тәрізді боялмаған бактериялар көрінеді. Суретін салып, сипаттама жазыңдар.
Ә)Пішен таяқшасын көру үшін, заттық шыныға бір тамшы су тамызыңдар да, оған тұнбаның бетіндегі бактериядан түзілген кілегей қабықтан иненің ұшымен алып салыңдар. Бактериясы бар тамшыны иненің ұшымен араластырып, бетін жабын әйнегімен жабыңдар. Микроскоппен қарағанда түссіз таяқшаларды көруге болады. Олар пішен таяқшасының бактериялары.
Б)Қорытынды жасау
4. Саңырауқұлақтар жасушасының ерекшеліктері (3 слайд)
5. Зертханалық жұмыс 2: Ашытқы және зең саңырауқұлақтарының тіршілігін бақылау
Мақсаты: Оқушылардың эукариоттық жасушалардың құрылысы бойынша алған білімдерін жинақтауға ықпал ету.
Құрал-жабдықтар: қант, нан, ашытқы, картоп (пісірілген),стакан, т.б. ыдыстар, сурет дәптері.
Тапсырма:
А)Қантты ортаға ашытқы саңырауқұлағының әсерін байқап көріңдар. Ол үшін екі ыдыс алып (банка, құты), екеуіне бірдей жылы су оған бірдей етіп нан ашытқысын салып, араластырыңдар, аздап қант салыңдар. Сәйтіп бетін жауып, жылы жерге қойыңдар. Екі сағат өткен соң ішінде қанты бар ыдыс көпіреді. Оның себебі, ашудың нәтижесінде көмірқышқыр газы бөлінеді.
Ә) Ақ және жасыл зең саңырауқылақтарынөсіріп көріңдер. Ол үшін сабақ басталардан бір жеті бұрын бір үзім нан, алма, сәбіз немесе пісірілген картопты алып, дымқылдап, бетіне басқа бір шыны ыдысты (стакан банка, Петри табақшасы) төңкеріп жауып, дылы жерге қояды. Бір жетіден соң ластанған мақта тәрізді жіп басса- мукор, көк жасыл шоғыры өссе, пеницилл зең саңырауқұлағы екеніне көз жеткізуге болады.
Б)Алдын ала өсірілген ( дымқыл нанды қарағанғы жерге қояды ) ақ зең саңырауқұлағына жай көзбен қарап, жіпшелері мен іші спораларға толы спорагийлерін ажырату, айырмашылықтарын қарау.Сапты инемен спораларды ептеп алып, препарат жасап, микроскоппен қарау.
В)Қорытынды жасау
6. Өсімдік жасушасының құрылысы және ерекшеліктері (слайдтар 3)
7. Зертханалық жұмыс 3: Біржасушалы және көпжасушалы жасыл балдырларды көріп, зерттеу
Мақсаты: Оқушылардың эукариоттық ,яғни өсімдік жасушасының құрылысы бойынша алған білімдерін жинақтауға ықпал ету.
Құрал-жабдықтар: суда өсіп тұрған немесе күні бұрын формалинге салынған хламидомонада, хлорококк, хрорелла, улотрикс, спирогира балдырлары. Осы балдырлардың нақнұсқасы. Тұрақты микропрепараттары.
Микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сапты ине, зат әйнегі, жабын әйнегі.
Тапсырма:
А). Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың судағы, топырақтағы көрінісін қарау. Біржасушалы балдырлардан микропрепарат дайындап, микроскоппен қарау.
Жасуша пішініне назар аудару. Хроматофорының пішінін және түсін анықтау.
Ә). Көпжасушалы балдырлардан микропрепараттар дайындау.
Микропрепаратты микроскоппен қарау. Талломдарының бір қатар жасушалардан тұратындығына және жасуша құрылысына көңіл аудару.
Б) Қорытынды жасау
7.Жануарлар жасушасының құрылысы (слайдтар 3)
8. Зертханалық жұмыс 4: Бұлшық ет жасушаларын микроскоппен қарау.
Тапсырма:
А)Микропрепаратты микроскоппен қарау. ә) жасуша құрылысына көңіл аудару.
Б) Қорытынды жасау
9.Венн диаграммасы арқылы қорытындылау (2-17)
Прокариотты Эукариотты
ұқсастығы
Бактерия Саңырауқұлақ жасушасы
Біржасушалы
Ядросы жоқ
Біржасушалы көпжасушалы
Ядросы бар
5. Қорытынды бөлім
Үйге тапсырма 12-18 параграф (қайталау)
Эукариотты Эукариотты
ерекшелігі
Ұқсасты ғы
ерекшелігі
өсдімдік жасушасы жануар жасушасы
5.Қорытынды бөлім
Рефлексия
Бағаларын қорытындылау. Үйге тапсырма 18-19 параграф
Пайдаланған әдебиет
1.Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов - Алматы: Мектеп, 2010.
2.Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2010.
3. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.
4.Оқушының анықтамасы «Арман-ПВ» баспасы,2007
Достарыңызбен бөлісу: |