Бекіту тапсырмасы.
«Алтын сандық» әдісі балалар алтан сандықтан тапсырма алады.
Тапсырма
9-сыныптағы ұл балалардың бойының ұзындығы х[12] массив түрінде берілген. Оқушылардың арасынан ең болмағанда бойы 170 см-ге тең болатын бір оқушы табылады ма? Егер ондай оқушы бар болса, онда сол оқушының тізімдегі орнын (индексін) тап. Егер ондай оқушылар бірнешеу болса, онда ең соңғы оқушының орнын экранға шығар.
Дискриптор. Бойы 170-ге тең оқушының орнын шығарады.
Бағалау. Оқушылар бір-бірін тиын арқылы бағалау.
2 монета – жақсы
1 монета - орташа
0 монета - нашар
Дарынды балаларға арналған тапсырма.
«Алтын сандық» әдісі балалар алтан сандықтан тапсырма алады.
Базарда сатылымда 10 ат тұр. Аттардың сатылу бағасын өздерің белгілеңдер. Аттардың бағасы бойынша бірөлшемді натурал сандар массивін құрыңдар. Осы массив бойынша қандай тапсырмаларды құрастырған болар едің?
Бағалау. Оқушылар өзін өзі тиын арқылы бағалау.
2 монета – жақсы
1 монета - орташа
0 монета - нашар
https://www.opiq.kz/kit/44/chapter/1726
Өзгерту үшін программалық кодтары бар файлдар (Блокнот мәтіндік редакторында немесе Python файлында да жазуға болады)
|
Сабақтың соңы
|
Қорытындылау. Оқушылардың бүгінгі сабақта орындаған жұмыстарын қорытындылай отырып, олардың бағалау қорытындысы бойыншы жинаған тиын санына қарай әрқайсысының қандай нәтижеге жеткендігі туралы тоқталып, жеке-жеке рефлекция жасалады.
Кері байланыс.
Оқушылар сабақ басында жиналған тиынға бүгінгі сабақ бойынша «Саған не ұнады?», «Не қиын болды?», «Нені әлі білгің келеді?» деген сұрақтарға жауап беріп, тақтадағы «чемодан», «Еттартқыш», «Қоқыс жәшігіне» іледі.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қәбілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
|
Оқушыларды аралас топқа жіктей отырып, тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай пән ерекшелігі ескеріліп тапсырмалар беріледі. Оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі сын тұрғысынан әр тапсырма сайын бағалау ұсынылады. Кейбір оқушыларға топпен, жұппен, жеке тапсырмалар өткізіледі.
|
Топтық, жұптық, жеке жұмыс жасата отырып, оқушыларды сын тұрғысынан бір-бірін, өзін-өзі бағалауға баули отырып, тапсырмалар сабақ мақсатына жетуге бағыттай беріледі.Сабақ соңына таман бүгінгі сабақты қаншалықты менгергенін анықтау үшін бекіту.
|
Сабақ басталар алдында оқушыларға техникамен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелері ескертіледі. Сыныпта ауаның желдетілуі, орындардың тиімді орналастырылуы, денсаулықтарын сақтау мақсатында көз жаттығулары жасатылады.
|