-
(МК, Ұ) 2-тапсырмада мұғалім оқушыларға кесте бойынша етістіктердің 1 жақта қолданылуын тағы бір рет түсіндіреді .Сондай –ақ оқушылардың назарын велосипед тебеді деген тіркестегі велосипед сөзін коньки, шаңғы , сөздерімен алмастырып қолдануға болатынына да аударады .
(МК,Ұ) Есте сақта!» Айдары бойынша мұғәлім оқушыларды етістіктердің болымсыз түрімн таныстырады .
Оқушылар мына үлгіде айта алуға жаттығады :
сурет салады –сурет салмайды ,футбол ойнайды –футбол ойнамайды ,велосипед тебеді –велосипед теппейді .
(МК, Ұ) 3-тапсырма бойынша оқушылар жоғарыдаберілген етістіктерді суреттің қасына қойылған белгілер ( x +)бойынша болымды , болымсыз түрде (3жақта)толықтырып айтады.Мысалы :Ол коньки тебеді .Ол сурет салмайды т.c.c
(ОТ)Мұғалім тақтаға екі белгіні іледі ( x,+). Содан кейін тақтаға шыққан оқушыға суреттерді таратады (футбол добы ,түрлі түсті қарындаштар, велосипед,коньки , шаңғы , шахмат ).Бала осы тірек суреттерді өзінің досы не істейтініне/істемейтініне байланысты екі белгінің астына жапсырып шығуы керек.Содан кейін етістіктерді болымды ,болымсыз түрде қолданып , өзінің досы туралы айтады .Мысалы :Менің досым сурет салады ,коньки, шахмат ойнайды.Менің досым сурет салмайды ,футбол ойнамайды , велосипед,теппейді .Осыдан тапсырманы әр оқушы өзі туралы да ақ қағазға жасай алады .
Достарыңызбен бөлісу: |