Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс
|
1-тапсырма (МК, Ұ)
Берілген сөздер мен сөйлемдерді аударады. Осы үлгілер арқылы оқушылар заттарды атай алуға үйренеді, мысалы, Мынау – кітап. Содан кейін оқушылар осы үлгі негізінде кітап сөзінің орнына қалам, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, қайшы, дәптер сөздерін қолдануға жаттығады. Оқушылармен суреттерге қарап, сөздерді тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.
(Ж) Оқушылар үйренген сөйлем үлгісін жұптық жұмыста бекіте түседі. Ол үшін мұғалім осы заттарды (кітап, қалам, қарындаш...) үстелдің үстіне қояды. Бірінші оқушы бір затты көрсетіп, сұрақ қояды (Бұл не?) , екінші оқушы жауап береді.
|