Сабақ тақырыбы: Дыбыстар түрлері және дыбыстар тіркесі. Практикалық сабақ мазмұны


Дыбыстарды жіктеудің критериялары



бет3/4
Дата14.04.2022
өлшемі30,7 Kb.
#31037
түріСабақ
1   2   3   4
Дыбыстарды жіктеудің критериялары

Акустикалық, артикуляциялық және басқа белгі-қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары алдымен дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым - белгі, ерекшеліктер мынандай болып келеді.

1.Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.

2.Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мәселен, а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл сәл артқа тартылады, жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай тартылып (езулік болып) ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Мәселен, п дыбыстан айтқанда екі ерін ғана қозғалысқа түседі.

3.Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі –дыбыстарды жіктеудегі басты айырым белгі.

4.Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.

5.Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән (вокаль) дауыстылардың осы қасиетіне негізделген.

6.Дауыстылардың дауыссызға ықпалы күшті болады. Жоғарыда ат, ет, от, өт сөздерінің құрамындағы т фонемасының дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатыны айтылды.

Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді. Мұның өзі дауыстыларды оқытуда, оларды танып-білуде ала-құлалық тудырып, көп қиындық келтіріп жүр. Тіліміздегі әр түрлі фонетикалық заңдылықтарды (сингармонизм, буын екпін т.б ) дұрыс меңгеру алдымен дауысты дыбыстарды нақты білумен байланысты.

А.Байтұрсынов: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. Соған қарай таңбалар да дауысты, дауыссыз болып бөлінеді» - дейді де, олардың бесеуі дауыстылардың таңбасы деп көрсетеді. Мұның өзі сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген . Жалпы ертелі-кеш жарық көрген оқулықтар мен зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны жеті-он бес болып келеді.

Қазақ тілінің байырғы төл сөздердің құрамында тоғыз (а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы.і) дауысты дыбыстар барлығы (мұның өзі жоғарыдағы пікірлердің бәріне ортақ) ешқандай дау тудырмайды. Бұл дауыстылар әсіресе тіліміздің кешегі В.В Радлов, П.М. Мелиоранский сипаттайтын тұрғысына толық сай келеді. Алайда қазір қалпын таныта алмайды.

Қазіргі тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шындыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісіне екіншісінің қосқан – тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық – қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у (мысалы: бу,су, ки, қи т.б) дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, үу, ыу, у, ый, ій қосындысы екенін біле отырып, дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды (и,у әріптерін) дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың эксперименттік жолмен зерттеп жүрген Ә.Жүнісбеков және басқа ғылымдар байырғы сөздеріміздің құрамында кездесетін осы екі (и,у) әріпті дауысты дыбыстар деп қарамайды. Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда тіліміздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретін болады: суы, буын, келуі, миы, тиын, тиін. Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып (бару-ым, келу-ім, оқи-ын, су-ық) және дауысты жеке буын құрайтын (су-ы, бару-ы, келу-і,қи-ы) болады. Мұның екеуі де тіліміздің табиғатына қайшы екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. И, у байырғы сөздеріміздің құрамында дыбыс бола алмайтын Ә.Жүнісбеков еңбектерінде әбден дәлелденген. Ал, қазақ тілінде 15 дауысты бар дейтін пікір тіпті де сын көтермейді. Бұл дыбыс пен әріптің шатастырудың нәтижесі ғана.

Жаратылыстағы серпінді (сығылмалы) мүшенің, нәрсенің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болған, құлаққа естілетін әр алуан үн, сыбыс-сылдырдың бәрі – дыбыс деп аталады. Ол бізді қоршаған табиғаттан, әлеуметтік ортадан есту мүшемізге (құлақ) сезіліп, әсер етеді. Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес. Дыбыстың акустикалық мінездемесі



Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика (грек тілінің akustikos – «естілу» деген сөзінен алынған) деп аталатын саласы қарастырады. Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені, дыбыстың созылыңқылығы.

Дыбыс ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (1 сек.) ішіндегі жиілік (16 Гц. – 20000 Гц. аралығында) саны. Жиілік саны неғұрлым көбейе берсе, дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше, жиілік саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді. Сөйлеу тілінде айтылатын дыбыстардың ырғағы фразалардың түрлеріне және олардың эмоциялық бояуы мен экспрессивті қызметіне қарай өзгеріп отырады. Дыбыс ырғағының өзгеруі екпінге қатысты құбылыстарда (интонация, мелодика т.б.) айрықша маңызды қызмет атқарады.

Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің амплитудасы (амплитуда – латын тілінің amplitude «кеңдік», «көлемділік» деген мағынадағы сөзінен алынған), яғни қарқыны, неғұрлым көбейе түссе, дыбыс күші де соғұрлым ұлғайып, күшейе береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет