Статистикалық қатардың дисперсиясы және орташа квадраттық ауытқуының анықтамасын (мағынасын) біледі;
Статистикалық қатардың дисперсиясын және орташа квадраттық ауытқудың есептеу формуласын біледі және қолдана алады;
Тілдік мақсаттар
деректерді жинау және өңдеу үрдісі туралы тұжырымдайды;
Пәнге қатысты лексика және терминология:
деректерді жинау және өңдеу үрдісі туралы тұжырымдайды;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Біз х туралы деректерді жинадық.
Біз деректерді келесі тәселмен жинадық: … .
шашырандылықтың өлшемі;
дисперсия;
стандартты ауытқу.
Құндылықтарды дарыту
Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.
Пәнаралық байланыстар
Дене шынықтыру;(сабақ барысында оқушылардың мергендік қабілеті сыналады)
Презентацияда сабақ тақырыбы, сабақ, оқу мақсаттары, тапсырмалар көрсетіледі.
Бастапқы білім
Жалпы жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, варианта, абсолютті және салыстырмалы жиілік, жиілік кестесі, жиілік алқабы, дөңгелек диаграмма. Жиіліктің интервалдық кестесі. Гистограмманы салу.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді.
2.Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.
1 слайд
Сабақтың ортасы
3 минут
10 минут
10 минут
13 минут
Қайталау: Оқушыларға қайталау ретінде мұғалім арнайы тапсырма береді. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы алдыңғы мақсаттарды еске түсіреді.Сонымен қатар жұптар бір-біріне бағалау жүргізеді.Мұғалім кері байланыс береді.
Топты мұғалім алдын-ала деңгейлестіріп(екі топ бір деңгейде) бөлінген. Топтық жұмыс деңгейлік тапсырмалар бойынша орындалады.
А-деңгейі:Бұл деңгей оқушылардың зерттеушілік қабілетін көрсетеді. Оқушылар өз мергендіктерін сынау үшін атады. Олар таңдалым ретінде өз нәтижелерін алу арқылы кесте құрып, құрылған кестеден дисперсия мен орташа квадраттық ауытқуды есептейді. Оқушыларын есепті шешіп болған соң бір-бірімен жауабын тексеріп бағалайды.
В-деңгейі:Оқушылар слайдта көрсетілген тапсырманы орындайды. Тапсырма орындалу барысында мұғалім кері байланыс береді.Тапсырма соңында оқушылар тақтада көрсетілген дискрептормен өз жауаптарын тексереді.
Дискрептор: (тақтада көрсетіледі)
С-деңгейі:
Оқушылар слайдта көрсетілген тапсырманы орындайды. Тапсырма орындалу барысында мұғалім кері байланыс береді.Тапсырма соңында оқушылар тақтада көрсетілген дискрептормен өз жауаптарын тексереді, оқушылар өзін-өзі бағалауда іске асырады.