Сабақ тақырыбы «Еңбек етсең ерінбей »



бет1/2
Дата21.04.2023
өлшемі39,57 Kb.
#85186
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Еңбек


САБАҚ ЖОСПАРЫ



Пән

Сынып сағаты



Мұғалім

Қарсақбаева Бекзада

Мектеп, сынып

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия, 4-сынып

Сабақ тақырыбы

«Еңбек етсең ерінбей.......... »



Сабақтың мақсаты

«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері

- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

диспут, пікірталас, ойқозғау.

Көрнекі құралдар

фотосуреттер үнтаспа, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер.



Сабақ барысы



1.Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім сөзі:
- Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның қасиетті күнінде яғни, жұма күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.
«Көңілді бағдаршам»
Сигналдры көтере отырып,сабаққа көңіл күйлерін анықтау
Қызыл түс-«Мен бәрін білемін»
Сары түс-« Мұғалім маған көмектессе екен»
Жасыл түс –«Өзім жұмыстанып көремін»
Ой шақыру
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау.
Сөзжұмбақ шешейік. Мен айтқан сөздердің әіптерінен сөз құрап көрейік.
1. Береке – 2-ші әріп.
2. Таң – 3-ші әріп.
3. Білім – 1-ші әріп.
4. Кеме – 4-ші әріп.
5. Үкі – 2-ші әріп.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек етсең ерінбей». Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?


Топтық жұмыс. Постер қорғау.
1-топ Еңбек адамға не үшін қажет?
2-топ Мамандық түрлерін жаз, пайдасына мысалдар келтір
3-топ Адам бойындағы қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады


Слайд арқылы «еңбек адамға не береді» деген сөзге топтастыру жасау.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріліп, өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен адамдардың фотосуреттеріне шолу жасайды

Кестені стикерлермен толтыру.





Әкемнің еңбегі

Анамның еңбегі

Менің еңбегім























Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет